Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2025 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына және "Дархан Дала" жобасының аясындағы шаралар кестесіне сәйкес, 13 қыркүйек күні Павлодар облысы бойынша әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен қасиетті Баянауыл топырағында орналасқан "Мәшһүр Жүсіп" кесенесіне зиярат жасалды.
Игі шараға облыс көлеміндегі белсенді әйел жамағатының өкілдерінен құралған 21 адам қатысып, қазақ руханияты мен діни ағартушылығында өшпес із қалдырған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухына Құран бағыштап, дұға жасалды.
Зиярат барысында қатысушыларға Мәшһүр Жүсіп бабамыздың өмір жолы, діни және рухани мұрасы жайлы кеңінен мәлімет беріліп, оның қазақ халқының діні мен мәдениетін сақтаудағы орны ерекше екендігі атап өтілді.
Аталған іс-шара – дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастарға рухани тәрбие беру мақсатында өткізілді.



