ПАВЛОДАР: ОБЛЫСТЫҚ ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛІП, АРНАЙЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

ПАВЛОДАР: ОБЛЫСТЫҚ ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛІП, АРНАЙЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

4565
1 мин
ПАВЛОДАР: ОБЛЫСТЫҚ ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛІП, АРНАЙЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ

Қазан айының 09 -күні ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіті имамдарының жиналысы С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткізілді.

Жиналыста Республикалық имамдар форумдарында қабылданған 14ке жуық концептуалдық құжаттар талқыланды. Яғни, 2022 жыл имамдарға өткізілген аттестация нәтижесіне қорытынды жасалып, келесі 2025 жылы болатын атесстацияға дайындалуды қолға алды.

Осыған орай имамдармен арнайы келісім жасалды.

Келісімнің шарты төмендегідей:

-Биылғы қазаннан қарашаның аяғына дейін әрбір ауданға қарасты мешіттерде дін қызметкерлері арасына сайыс өткізіледі. Сайыста Республикалық имамдар форумдарында қабылданған концептуалдық құжаттардан емтихандар жүргізіледі. Осы арқылы әр ауданнан үздік 2 имам облыстық сайысқа қатысып, желтоқсан айының ортасында облыс бойынша ең үздік дін қызметкерлері анықталып, бағалы сыйлықтарға ие болуы тиіс.

Сонымен қатар имамдардың сырт келбеті, сөйлеуі мәнері, уағыз айтуы, халықпен тығыз байланыста болуы, этикалық тәртіп пен ережені сақтауы, «2024 -Ислам және дәстүр құндылықтары жылы» болғандықтан жастарды дұрыс тәрбиелеп, дәстүрді барынша үгіттеп насихаттау туралы жиналыста ерекше ескертіліп айтылды.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

63908609-fcb5-4293-96ff-000e55728d13.jpeg


 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс