ПАВЛОДАР: МЕШІТТЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ПАВЛОДАР: МЕШІТТЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

1311
1 мин
ПАВЛОДАР: МЕШІТТЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Ислам және отбасы құндылықтары жылы» аясында «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде неке қидыруға өтініш берген жастардың басын қосқан тағылымды кездесу өтті. Шараның мақсаты — жастардың діни сауатын арттыру, отбасылық тәрбиенің маңызын түсіндіру және болашаққа бағыт-бағдар беру болды.

Шара барысында облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы жастарға исламдағы отбасы, тәрбие, жауапкершілік сынды маңызды тақырыптарды кеңінен түсіндіріп, өмірлік құндылықтар жайлы ой қозғады. Отбасы болған соң «аяқ-табақ сылдырламай» тұрмайтыны, ондайда ақылмен парасатпен шешу керектігі, отбасы үлкен аманат екендігі және махр туралы да түсіндіріп айтты.

Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, рухани тәлім алды. Кездесу соңы ақ бата берумен аяқталды.

Мұндай кездесулер әлі де жалғасын табатын болады.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg




  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс