
Бүгін ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Жолдас қажы Қоспақұлы және «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Тургынбай Ахерке облыс және аудан ұстаздарына жиын өткізді.
Онда 2025 жылға арналған жылдық жоспар таныстырылып, «Әйел-қыздар» секторының мешіт ұстаздарына бір жыл бойы атқаратын жұмыстар түсіндірілді.
2025 жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып жарияланған болатын. Яғни, алдағы уақытта дін мен дәстүр, ихсан және насихат, діни оқу ағарту бағыттары бойынша жұмыстар атқарылатын болады.