ПАВЛОДАР ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП ТАПСЫРДЫ

ПАВЛОДАР ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП ТАПСЫРДЫ

3264
1 мин
ПАВЛОДАР ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ  ЕСЕП ТАПСЫРДЫ

ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдары бүгін қалалық «Омар әл-фаруқ» мешітіне жиналып, 2024 жылы атқарған жұмысының есебін тапсырды.

Негізгі жұмыстар 5 бағыт бойынша (дін мен дәстүр, ізгі қоғам, ихсан және насихат, оқу-ағарту, діни жат ағымдардан сақтандыру) тыңдалып, әр бөлімдердің есептері баяндалды.

Сонымен қатар Бас мүфтидің бағдарлық баяндамасы тыңдалды.

Қала, аудан мешітінен атқарылған іс-шаралар кітапша ретінде де жасалып, слайд түрінде көрсетілді.

Әрбір имамның жылдық есебін толық тыңдаған облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы қорытынды сөзінде, биылғы жылы имамдардың белсенділік танытқанын айта келе, алда алар межелер мен атқарылуы тиіс жұмыстар ұшан-теңіз екенін атап өтті.

Жиын соңы ақ бата беріп, ізгі тілек айтумен тарқады.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

4.jpg

5.jpg

6.jpg

7.jpg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс