ПАВЛОДАР: ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ НАҚТЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

ПАВЛОДАР: ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ НАҚТЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

1693
1 мин
ПАВЛОДАР: ИМАМДАР ЖИНАЛЫСЫ НАҚТЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ-ның Республикалық имамдар форумында қабылданған «Құдайы ас беруде ысырапшылдыққа жол бермеу туралы» құжаты бойынша «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде арнайы жиналыс өтті. Жиналысқа Павлодар облысының қала, аудан имамдары, асханасы бар мешіт имамдары және халыққа беделді, құрметті ақсақалдар мен ардагерлер қатысты.

Жиналыста бірінші кезекте жаназадан бұрын берілетін қонақасы туралы мәселе көтеріліп, алдағы уақытта мешіттен тыс жерлерде де қарапайым халықтың тұрмысына ауырлық әкелетін бұл әдетті тоқтату керек, ол үшін жан-жақты насихат жүргізу керек деп шешім қабылдады. Өйткені 2024 жылдың наурыз айынан бастап Павлодар облысында мешіт асханаларында қонақасы беруді толық тоқтатылған болатын.

Екінші кезекте жаназа рәсімін митингке айналдырмау керектігі имамдарға қатаң ескертілді. Сонымен қатар жаназа және басқа да діни ритуалдарда берілетін мешіт асханаларының ас мәзірі бекітілді.

«Арықарай осы бағыттарды жүзеге асыру бойынша күнделікті жұмыстар атқарылып, бақылау қойып отыратын боламыз»-дейді облыстың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс