Павлодар қаласындағы «Достық» үйінде «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Шақанқызының ұйымдастыруымен «ДІН МЕН ДӘСТҮР-ЕГІЗ ҰҒЫМ» тақырыбында семинар-кездесу болып өтті.
Семинар-кездесуге қаланың белсенді ақсақалдары мен әжелері, Абай атындағы 10-шы орта мектеп пен дарынды балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-интернат оқушылары, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері, Павлодардағы кадеттік оқу орнының оқушылары, «Әбу Бәкір сыддық» медресе-колледжінің шәкірттері көптеп келіп қатысты.
Семинарда сөз алған облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы өз сөзінде, 2024 жылды ҚМДБ-нан «Ислам және дәстүр құндылықтары жылы»-деп жариялағанын, дін мен дәстүрдің бір-бірімен үйлесіп жатқан егіз ұғым екені туралы түсіндіресе, «Әбу Бәкір сыддық» медресе-колледжінің ұстазы, «Омар фаруқ» мешітінің бас имамы Совет Есімбек дін мен дәстүр сабақтастығы туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар «Нұр Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақытжамал Шақанқызы да аталмыш тақырыпты жан-жақты қаузап, жастарға мол түсініктеме жасады.
Семинар-кездесу соңы сұрақ-жауаптармен жалғасын тапты. Жалпы кездесу-семинар қазіргі өзекті тақырыпты қозғап, жастар тәрбиесіне берешегі мол пайдалы шара болып өтті.








