ПАВЛОДАР: ӘДЕМІ ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ПАВЛОДАР: ӘДЕМІ ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

987
1 мин
ПАВЛОДАР: ӘДЕМІ ӘУЕЗДІ АЗАНШЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2025 жылғы 6 шілде күні ҚМДБ Павлодар облысы өкілдігіне қарасты «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде IV республикалық «Әдемі әуезді азаншы» байқауының өңірлік іріктеу кезеңі өтті.

Сайысқа әрбір аудандық мешіттерден үміткерлер қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыстың шымылдығын облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы ашып, азанның діндегі орны мен рухани маңызына кеңінен тоқталды.

Байқау үміткерлердің тәжуид ережелерін сақтауы, мақам орындау шеберлігі мен дауыс үйлесімі бойынша бағаланды.

Арнайы бекітілген қазылар алқасы іріктеу сайысын төрелік жасады.

Байқау қорытындысы бойынша, 1-орын «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің азаншысы Темірғалиев Серік Темірбайұлы; 2- орын Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылы «Ұзынбұлақ» мешітінің имамы Дариев Берик Әлсейтұлы; 3-орын Ақтоғай ауданы Мүткенов ауылы «Серікбай Мүткенов» мешітінің ұстазы Әмірәлинов Ержан Рашидұлы иеленді.

Бірінші орын иеленген «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің азаншысы Серік Темірбайұлы республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.

Сайыс жеңімпаздары мен барлық қатысушыларға қаржылай сыйлықтар мен арнайы марапаттар табысталды.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

7.jpeg

6.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс