ОБЛЫС БАС ИМАМЫ УСПЕН АУДАНЫНДА

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ УСПЕН АУДАНЫНДА

3675
1 мин
ОБЛЫС БАС ИМАМЫ УСПЕН АУДАНЫНДА

Бүгін Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы Успен ауданына арнайы іссапармен барды. Бас имам алдымен Қаратай аулында болып «Қаратай» ауылдық мешітінде жамағатпен кездесіп, ҚМДБ-нан 2024 жылдың «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы болып жариялануы аясында атқарылып жатқан жұмыстар, дін мен дәстүр туралы, дәстүрлі дінімізді тұтынудың маңыздылығы туралы уағыздар айтты. Мешіттіің тұрмыс-тіршілігімен танысып, ауыл жамағатының сұрағына жауап берді.

Келесі кезекте Успен ауданы орталығындағы «Успен» мешітінде бесін намаз оқып, жиналған жамағатқа жат ағым жетегіне ермеу, олардың құрығынан әсіресе жастарды сақтандыру, жастар санасына дұрыс таным қалыптастыру туралы уағыз айтып, сұрақтарға жауап берді.

Одан кейін Тобылжан аулында болып, онда салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысы барысымен танысып, халықпен кездесті. Олардың сұрақтарына жауап берді. Жаңа мешіттің құрылысының сапалы салынып бітуі, келешекте мешітті осы жерден шыққан әулие хазірет Әбубәкірдің есімі берілуі туралы ұсыныс айтылды.

Мұндай жұмыс сапары әлі де жалғасын таба беретін болады.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс