Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы өткен аптада арнайы іссапармен Екібастұз ауданына барды. Бірінші кезекте Солнечный кентіндегі «Жеміс әулие» мешітінде болып жамағатпен кездесті. Кездесуде бас имам 2024 жылы ҚМДБ-нан «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы болып жарияланғанын түсіндіре келе дін мен дәстүрдің үйлесімі, қазақ даласында ислам қалай таралды, дін мен дәстүр жолы дегеніміз ұлтымыздың ежелден келе жатқан батырларың, билердің, ғалымдардың, әулиелердің, ғұламалардың жолы екендігі кеңінен түсіндірілді.
Ал кешкісін Екібастұз қалалық мешітінде болып жат ағымнан сақтану туралы, жат ағым жас ұрпақты құрдымға жетелейтінін, себебі олардың ұстанымы халқымыздың сан ғасырлық діни сеніміне, таным-түсінігіне өнері мен салт-дәстүріне мүлде қарама-қайшы екенін айтты. Сол себепті де жастарымыз ғаламтордағы діни ақпараттың анық-қанығына көз жеткізу үшін ҚМДБ-ның өкілдеріне, жергілікті мешіт имамдарына жүгінгені жөн екенін түсіндірді.
Соңында сұрақтарға жауап берді.
Келесі күні Екібастұз ауданының Бесқауға аулында болып ауыл мешітінің тыныс-тіршілігмен танысып, ақыл-кеңестер беріп қайтты.



