ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылғы бағдарлы баяндамасында көрсетілген тапсырмасының бірі болған медиация орталықтарымен келісім шартқа келіп, олармен байланыс орнату, олармен бірге келешекте жұмыс атқару тапсырмасын орындау мақсатында Павлодар қалалық мамандандырылған соттар ғимаратында жиналыс болды.
Жиналысқа облыстың бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы және Сот төрағалары, Билер алқасы қатысты.
Кездесуде медиация институтының маңызы, қоғамдағы береке-бірлік пен келісімді сақтау, сондай-ақ дау-дамайларды әділ әрі ізгі жолмен шешу тақырыптары кеңінен талқыланды.
Жиналыста сөз болған негізгі мәселе, имамдар, дін қызметкерлері Билер алқасымен бірлесе отырып медиацияға қатысу, өз үлесін қосу, әсіресе отбасылық мәселелеріне байланысты ой-пікір бөлісіп, келешекте бірге жұмыс істеуге келісілді.



