"МК ЕВРАЗИЯ-АГРО" ЖШС-НЕ «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

"МК ЕВРАЗИЯ-АГРО" ЖШС-НЕ «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

225
1 мин
"МК ЕВРАЗИЯ-АГРО" ЖШС-НЕ «ХАЛАЛ ДАМУ» КУӘЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ленин кенті, Болашақ көшесінде орналасқан ұн өндіретін "МК ЕВРАЗИЯ-АГРО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қасиетті жұма намазы алдында «Халал Даму» стандартына сәйкестігін растайтын куәліктер ресми түрде табысталды.

Куәлікті «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қабаев Қанат аталмыш серіктестік өкіліне жамағаттың алдында табыс етті.

Сараптамалық тексеріс барысында шикізаттың құрамы, өндірістік үдерістер, сақтау шарттары мен тасымалдау тәртібі жан-жақты қаралды. Сонымен қатар, технологиялық бақылау, санитарлық талаптардың сақталуы және құжаттамалардың дұрыстығы назарға алынды.

Кәсіпорын өкілдеріне халал стандарттарының маңызы, жауапкершілік деңгейі және алдағы уақытта талаптарды тұрақты түрде сақтау қажеттігі түсіндірілді.

Берілген куәлік – өнім сапасына деген сенімді арттырып қана қоймай, тұтынушылар алдындағы жауапкершілікті күшейтеді. Алдағы кезеңде де өндіріс барысы тұрақты мониторингтен өтетін болады.

bba11af2-6fc8-43cb-8e60-765d4225e50b.jpeg

 



  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс