Бүгін Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы арнайы іс сапармен Екібастұз қаласына келіп ауданға қарасты ауыл имамдарымен жиналыс өткізді. Алдымен аудан көлеміндегі діни ахуалмен танысты.
Келесі кезекте ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2025 жылғы бағдарлық баяндамасымен таныстырды.
Соңында Екібастұз ауданына қарасты ауыл имамдарына «Уағыз айту әдебі» тақырыбында дәріс оқыды.






