ЕКІБАСТҰЗ ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

ЕКІБАСТҰЗ ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

722
1 мин
ЕКІБАСТҰЗ ИМАМДАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ

Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы Екібастұз қаласына іс-сапармен барып, аудан имамдарының кезекті жиналысына қатысты.

Екібастұз қалалық мешітінде өткен бұл жиналысқа ауданға қарасты ауыл мешітінің имамдары және барлық дін қызметкерлері қатысты.

Жиналыс «Ихсан- рухани тәрбие» тақырыбымен басталып, арықарай әр жылда өткен Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттар, дәстүрлі бес бағыт және 2025 жылғы басты бағыт болған «Ислам және отбасы құндылығы» тақырыптары кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар тамыз айында басталатын имамдардың емтихан тапсыру кестесі, оқылуы керек кітаптар, дайындықта болу маңызды екені ескертілді.

Бүгінде күн тәртібінен түспей келе жатқан «Қонақасы» және «Ас мәзірі, құдайы аста ысырапқа жол бермеу» мәселелері бойынша облыс бас имамы аудандық дін қызметкерлеріне ерекше ескертіп, ортақ тапсырмалар жүктеді.

Жат ағыммен жүргізетін жұмыстың да маңызды екені ескертіліп, осы бағыт бойынша атқаратын жұмыстар көрсетілді.

Жиналыс соңы өзара сұрақ-жауаппен аяқталды.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс