2025 жылды ҚМДБ-ы «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады. Осы жылдың аясында «Дін мен дәстүр» бағытының тапсырмасына орай Павлодар облысына қарасты көптеген мешіттерде некелесуге ниет білдіріп жатқан жастармен ай сайын кездесу жасап отырады. Бұл кездесу бүгін «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жалғасын тауып, облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлы некелесуге дайындалып , өтініш білдірген жастармен кездесті.
Бас имам осы жолғы жастармен кездесуде некенің жауапкершілігі, отбасының бірлігі, ынтымағы, татулығы туралы кеңінен насихат айтты. Отбасы бірлігі мен ынтымағын ұстап тұру ерекше абзал екенін, өйткені бұл екі жасқа да үлкен аманат екенін айта келе Құран мен хадистен және ата-баба сөздерінен мысалдар келтірді. Ажырасудан аулақ болу, ажырасуға бармау туралы баса айтты.
Соңы жастардан қойылған сұрақтарға жауап берумен аяқталды.
Осындай кездесулер әлі де жалғасын таба беретін болады.


