ҚАРИЯЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ҚАРИЯЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

204
1 мин
ҚАРИЯЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Қарттар күніне орай қазан айының 05 күні Павлодар қаласындағы «Умар Әл-Фаруқ» мешітінде әжелерге арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараны мешіт жанындағы әйелдер бөлімінің ұстазы Гүлнар Тоқтарқызы ұйымдастырды. Кездесуге қаланың ардақты әжелері мен жамағат әйелдері қатысып, жылы әрі рухани атмосфера орнады.

Кездесуге мешіттің имамы Қажуев Медет қатысып, қарттық пен аналарды құрметтеу жөнінде әсерлі уағыз айтты. Өз сөзінде ол Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мына хадисін келтірді:

«Жәннат – аналардың табанының астында» (Нәсаи).

Сондай-ақ имам Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағы бір хадисін еске салды:

«Кімде-кім қарияны жасы мен дініндегі тәжірибесі үшін құрметтесе, Алла Тағала оған да өзіне құрмет көрсететін адамдарды нәсіп етеді» (Тирмизи).

Іс-шара соңында әжелерге сыйлықтар табысталып, ақ тілек пен дұға жасалды.

Мешіт ұжымы мен ұстаз Гүлнар Тоқтарқызы бұл игі дәстүрді алдағы уақытта да жалғастыруды жоспарлап отыр.

1.jpeg

2.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс