С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әйел – адал қоғамның тірегі» атты конференция өтті.
Бұл рухани мәні терең іс-шараны «Умар әл-Фаруқ» мешітінің ұстазы Тоқтарқызы Гүлнәр ұйымдастырып, әйелдердің қоғамдағы орны мен жауапкершілігін кеңінен насихаттауға ерекше үлес қосты.
Конференция барысында Қусайынов Төлеген, (Умар әл Фаруқ мешіттің бас имамы) тағылымды ойларымен бөлісіп, әйелдің отбасы мен қоғамдағы рөлінің маңыздылығына тоқталды.
Мәжіліс барысында келін мен әулет арасындағы сыйластық, ұлттық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесіндегі ананың орны, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы әйелдің жауапкершілігі сынды өзекті тақырыптар кеңінен қозғалды.
Конференцияның қорытынды сөзін Павлодар қаласының «Әйел-қыздар секторының» жетекшісі Тургынбай Ахерке ұстаз түйіндеп, жиынның маңыздылығын атап өтті. Ол әйел тәрбиесі – ұлт тәрбиесінің негізі екенін айтып, Әйлдің дамуы, қоғам дамуының кепілі мұндай игі шаралардың қоғам үшін берері мол екенін жеткізді.
Аталған конференция қатысушыларға рухани серпіліс сыйлап, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды басқосу болды.







