Ингуш хикаясы: “Бір азаматтың бойында көп қарыздары бар екен. Қарызынан құтылатын уақыт туып, қалай есептесерін білмеген ол амалсыз тұрып жатқан үйін сатпақ болады. Ингуштардың салты бойынша, оларда адам үйін немесе жерін сататын болса, алдымен көршілеріне ұсынып, сатып алмайсың ба деп сұрауы керек екен. Ол солай етіп көршісінен сұраған кезінде, көршісі одан:
-Үйіңді не үшін сатпақсың?-деп сұрайды.
-Қарызым көп еді, содан құтылу үшін сатуға мәжбүр боп тұрмын,-дейді ол.
-Сонда үйіңді қанша ақшаға сатпақ едің?
Ол кісі: негізі үйімнің бағасы қымбат, бірақ сіз секілді жақсы көршім үшін бағасын қарыз ақшамның деңгейіне дейін түсіре аламын деді.
-Сонда қанша ақша қарызсың, және кімге қарыз едің?-деп сұрады көршісі.
Ол бұл сұрақтарға жауап берді.
-Жақсы, маған ертең кел,-деді құдай қосқан көршісі.
Ертеңіне ол көршісіне келіп еді, көршісі: -Мен кеше барып, қарыздарыңды толық төлеп, жауып тастадым,-деді. -Енді қарыз емессің. Ешқайда да кетпей-ақ, тұра бер.
-Неге олай еттіңіз? Әбден шығынданыпсыз ғой!--деп дауыстап жіберді ол.
-Жоқ, мен мұны шығын деп есептемеймін,-деді көршісі, -егер мен сіз секілді жақсы көршімнен айрылған болсам, нағыз шығын сол болар еді!
аударған Жүрсін Кәрім