Өтірік айту, бір нәрсенің шындығын білу айтпау дегенді білдіреді. Өтірік айту, мылқаулықтан да жаман індет әрі үлкен күнә. Өтірік айту өсек, жала, ғайбат сияқты жаман ахлақтарды тудырады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Шыншылдық адамды қайырға бастайда. Қайырлы амал адамды жәннатқа апарады. Шындықты өзіне ұран еткен адам «Сыддық» мәртебесіне лайық болады. Өтірік айту адамды жамандыққа, жетелейді. Жамандық адамда тозаққа апарады. Өтірік айтуда өзіне кәсб еткен адам, Алла құзырында «кәззәб» деген атпен аталады».
Өтірік айтатын адам ел-жұрт алдында ұятқа қалып, қадір-қасиетінің түкке тұрғысыз болатынын есте сақтауы керек. Өйткені адам баласы табиғи түрде өтірік айтуды жек көреді. Тіпті өтірікшінің өзі біреу оған «өтірікші» десе ренжиді. Өтірікшінің қадірі жоқ.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Кімде осы төрт індет болса ол нағыз мұнафық деген. Кімде бұлардың біреуі болса, онда мұнафық әдеті болғаны. Бұл індеттер мыналар: аманатқа қиянат жасау, өтірік айту, уәдесін бұзу, ақиқаттан бет бұру».
Сондай-ақ сөйлеу-тілдесу Алла тағаланың адам баласына берген бір қасиеті екенін де ескерген жөн. Бұл қасиетті тек жақсылықта - адамдарға жақсы нәрселерді, ақиқатты айтуда пайдалану керек. Ал өтірік айту бұл мақсатқа теріс. Алла тағаланың адам баласына берген бір қасиетін дұрыс пайдаланбау обал және үлкен күнә.