قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَحَبُّ الْعِبَادِ إِلَى اللهِ تَعَالَى اَلْأَتْقِيَاءُ الْأَخْفِيَاءُ. (كنز)
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Aлла Tағалаға құлдарының ең ұнамдысы тақуа иесі болып, өзін жария қылмағандар”. (Кәнз ул-уммал)
Taқуа - Aлла Tағаладан қорқу; адамды күнәға, масқаралыққа ұшыратар нәрселерден сақтану; нәпсіні шариғатқа жат нәрселерден қорғау, сақтау. Осылай әрекет етіп мойнына жүктелген діни міндеттерін орындауға күш салған адам муттақи аталады.
“Taқуа деген не?” деп сұраған біреуге Әбу Хүрәйрә (р.а.) “Өзің тікен басқан бір жолмен жүріп көрдің бе?” деп сауал тастайды. Oл “Иә, жүрдім” дегенде, Әбу Хүрәйрә (р.а.) “Жақсы, қалай өттің?” деп сұрайды. “Тікен кіріп кетпесін деп абайлап” дейді.
Әбу Хүрәйрә (р.а.) “Олай болса, тікендерден сақтанғандай күнәлардан да сақтан. Міне, тақуа деген сол” дейді.
Taқуада үш дәреже бар:
- Әуелгісі, азаптан сақтану үшін харамға жоламау,
- Екіншісі, харамға ұрынбау үшін күмәндіге жоламау,
- Үшіншісі, нәпсіні кемшіліктен қорғап, жаратылысындағы кірін тазалау үшін кей мубахтарға жоламау.
Абдулқадир Гейлани мына сөзді көп айтатын:
“Бір арабтың тақуа болмаса, оның араб болғанының, текті әулеттен шыққанының оған еш пайдасы жоқ. Ажамның (араб еместің) aжамдығы да тақуа болғаннан кейін, оның қадір-қасиетіне нұқсан келтірмейді”. Өйткені хадисте: “Абай болыңдар, арабтың ажамнан, ал ажамның арабтан еш артықшылығы жоқ. Артықшылық тек тақуа арқылы болмақ”дейді. Расында қасиетті аятта –мағынасы-:
“…Біле білсеңдер, Aлланың алдындағы ең ардақтыларың - ең тақуаларың (яғни, Аллаға тағзым етуде, иман келтіруде әрі мойынсұнуда ең алда болғандарың)!…” (Хужурат сүресі, 13-аят) деп баяндалады.