ҮШ ШӘКІРТ ЖАЙЛЫ ХИКАЯ

ҮШ ШӘКІРТ ЖАЙЛЫ ХИКАЯ

378
2 мин
ҮШ ШӘКІРТ ЖАЙЛЫ ХИКАЯ

Ежелгі бір қалада құпия ілімдерді білетін бір әулие кісі болған екен. Оған қаншама адамдар келіп: “Адам өмірінің мәні неде?”-деген сұрақтар қояды екен. Бірақ ол ешқашан тікелей жауап бермейді екен.

Бірде оның алдына біраз сұрақтардың жауабын таба алмай қиналып жүрген соң, ұстаздарынан сұрамақ болып алдына үщ шәкірті келеді.

-Ұстаз, -деді бірінші шәкірті, - киелі кітаптарды қанша жерден оқысам да, көп білген сайын күнделікті өмірде шатаса беремін. Неге олай?

- Ұстаз, -деді екінші шәкірт, -біреулер зәулім сарайлар салып жатады, ал біреулер күнін зорға көріп отырғанын көріп отырмын. Сонда Хақиқат қайда?

- Ұстаз, -деп сыбырлады үшінші шәкірті, - мен тек бақытты болғым келеді. Сонда бұл көп па?

Ұстазы су тола құмыра мен үш түрлі ыдыс алды - алтыннан жасалған ыдыс, қыштан жасалған кесе және хрустальдан жасалған ыдыс.

Бірінші ыдыс - сенің жинаған ілімдерің секілді, -деді ол бірінші шәкіртіне. - Қымбат, бірақ іші бос. Екінші ыдыс - сенің күмәндарың секілді: мықты, бірақ тұнық емес. Үшінші ыдыс - таза, бірақ әлсіз, сенің бақытты болғың келгені секілді тез сынып кетуі мүмкін.

Сосын ол құмырадағы суды үш ыдысқа бөліп құйды.

Су - бұл біздің өміріміз. Оның мағынасы оны қандай ыдысқа құйғанда емес, ол кімнің шөлін басатындығында.

Бірінші шәкірт ойлана келе: “Демек іліміңді арттыру құнды нәрсе, егер оны басқалармен бөліссең”,-деді.

Екінші шәкірті айтты: “Менің қолымда не бары құнды емес, менің онымен кімдерге бөлісіп жатқаным маңызды екен ғой?”

Үшінші шәкірті жымиып: “Бақыт деген өзің мұқтаж боп тұрған затты басқалармен бөлісуде болды ғой?”-деді.

Ұстазы басын изеп: “Өмірдің мәні сұрақтың жауабында емес, басқаларға жауап екендігінде,”-деді.

 

Каббала Даналығы

аударған Жүрсін Кәрім

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс