Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Сондай бір заман келеді, кісі дүниесін халал немесе харам жолменен келгеніне мән бермейтін болады». (Сахих Бұхари)
Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай дейді:
“Халал белгілі, харам белгілі, (яғни баян болған). Алайда бұл екеуінің арасында екеуіне де ұқсауы мүмкін шүбәлі – халал-харамдығы нақты мәлім емес – нәрселер де бар, көп адам ажырата алмайды. Oндай жағдайда шүбәліден сақтанған адамның діні мен ар-абыройын таза ұстағаны. Ал шүбәліге бой ұрған харамға да ұрынады. Қорықты айнала қой жайып жүрген қойшы тәрізді, біраздан соң қойларын баққа кіргізіп жібермек. Біліп қой, әрбір әміршінің қорығы болады. Ескермей жүрме, Алла Тағаланың жердегі қорығы – харам нәрселер…” S. Buhârî.
Біреу Пайғамбарымыздан (с.a.у.) “Уа, Расулалла! Күнә ма?” (Яғни үкім ету шүбәлі болған нәрселердің күнә, күнә еместігін қалай білем?) деп сұрайды.
Пайғамбарымыз (с.a.у.) былай дейді: “Бір нәрсе(нің халал не харамдығы) жайында күмәнданған кезіңде (міне, сол күнә) oған жолама.”
Бұл жай мына хадисте де сөз болады: “Саған (дін тұрғысынан жақсы-жамандығы, халал-харамды жайында) шүбәлі көрінген нәрседен бас тарт, (жақсы және халал екенін нақты білетін) ал күмән тудырмайтын нәрсені ал.”
Бір жолы Ирактың Куфа қаласында ел қазынасының қойлары мен қарапайым халықтың қойлары қосылып кетеді. Имам Әбу Ханифа ол қойлардың етін жеу салиха амалға жатпайтындығын ойлап, қойдың орташа жасын сұрастырады; жеті жыл екенін білген соң, тура жеті жыл (қазыналық қойлардың етін жеп қоюдан сақтанып) қойдың етін татып алмаған.