МҰҢ-ЗАР ЖӘНЕ САБЫР

МҰҢ-ЗАР ЖӘНЕ САБЫР

1403
3 мин
МҰҢ-ЗАР ЖӘНЕ САБЫР

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِذَا كَثُرَتْ ذُنُوبُ الْعَبْدِ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ مَا يُكَفِّرُهَا مِنَ الْعَمَلِ اِبْتَلَاهُ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ بِالْحُزْنِ لِيُكَفِّرَهَا عَنْهُ. (حم)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Пенденің күнәлары көбейіп, ол күнәларына кәффарат болар амал да жасамаса, күнәларына кәффарат болуы үшін Алла Тағала ол құлын қайғы-мұңға салады”. (Мүснәд Ахмед ибн Ханбал)

Абдулқадир Гейлани (қ.с.) сабыр жайында былай деген:

“Сабыр – бәле келген кезде оны әдемі ислами әдеппен, төзім, тыныштықпен күтіп алу, Алла Тағаланың рақымынан үмітін үзбеу. Бақара сүресінің 156-аятында (мағынасы); ‘Шүбәсіз, бәріміз бір Aллаға тиесіліміз (Оның басыбайлы құлымыз) және түбінде Оған қайтамыз’ дегендей, өзін және бүкіл ісін Алла Тағалаға тапсырып, іштей әрі сырттай мұңға берілмей, жүрегі бекем болуға тиіс. Яғни Алла Тағаланың тағдырымен басына түскен қандай да бір сынақ келсе, қайғы, уайымға берілмей, ауыртпалығын Құран кәрім мен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетінде айтылған үкімдер мен сүйінші хабар санап, солармен өзін жұбатқаны жөн”. 

Хатем Әсам (рах.) былай деген: “Мұң-қайғы екі түрлі. Бірі пайдасына, ал екіншісі өзіне қарсы мұң. Өзіне қарсы мұң, дүние мен дүниенің қызығы үшін болған мұң. Өз пайдасына болған мұң ақырет үшін шеккен мұң”.

Бұдан мынаны түсіну керек; ақшаңды жоғалтқанда дүние үшін мұңаясың, бұл өзіңе қарсы. Қателік, ғайбат, қызғаныш не басқа бір істеген күнәға өкініп, бірден тәубеге келуің өзіңнің пайдаңа.

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс