Өзі үшін емес, сен үшін алаң,
Өзіңді туған, әкең мен анаң.
Өлгенше сені сәбиі санар,
Өздерің әке болсаң да балам.
Өзгерді заман, өзгерді ғалам,
Өзгертті бәрін, өздері адам.
Өзге емес бізге, бақыт пен байлық,
Өмірдің сыйы өздерің балам!
Өкпешіл келеді, қартайған адам,
Өзінен қуат, әл тайған адам.
Өзіңді туған анаңды сыйла,
Өзіме жауап қайтарма, балам!
Өзіңді арна, көпке деп балам
Өзгені сынап, сөкпе көп балам.
Өзге бір мінез бойыңнан көрсем,
Өзіңе онда, өкпелеп қалам!
Ұяаттан озба, ренжітпе адам,
Ұрыстың деме, ренжіп маған.
Ұқпасаң әке- шешеңнің сөзін,
Ұлым-ау саған ренжіп қалам!
Тақауыр қойсам, талап қып саған,
Таң қалма, маған таңырқап маған.
Жасқама бетін шешеңнің балам,
Жаным-ау онда, жабырқап қалам!
Шалалар солай сөйлейді балам,
Шал, кемпір!- десең шамырқап қалам!
,,Қамауға" саған барғанда балам,
Қарауға бізді арланба балам.
Бабадан жалғас бұл ,,жібек жолды",
Білесің басқа салғанда балам!
Келінді де ,,паралап қоям"
Пенциямызды алғанда балам! ккк.
Жайларға жаман, жуыспа балам,
Жанашыр болғын, туысқа балам.
,,Ерегескен ел болмайды"- дейді,
Ешкімдер мен де ұрыспа балам!
Егерде болса, бойыңда мінез,
Ертерек оны дұрыста балам!
Жуасты жүндеп, басынба адам,
Жалбақтап, байға бас ұрма балам!
Жақсы ғой болса, алған мен берген,
Жарамсыз іске шашылма балам!
Шекеңе шертпей өсірдім балам,
Шежіре жандай, шешілдім балам.
Кемшіліксіз, еш пенде болмас,
Кем тұстарымды кешіргін балам!
Жаман деп сені айтпадым балам,
Жатқа да осы айтпағым балам.
Есіңде жүрсін, ұғынғын балам,
Ертең жоқ, жүрген бүгінгі адам.
,,Еті ауырмайды, білесің сенде,
Енесі тепкен құлынның" балам!