قَالَ عَبْدُ اللهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ: إِنَّ أَحْسَنَ الْحَدِيثِ كِتَابُ اللهِ وَأَحْسَنَ الْهَدْيِ هَدْيُ مُحَمَّدٍ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَشَرَّ الْأُمُورِ مُحْدَثَاتُهَا. (خ)
Aбдулла ибн Мәсуд (р.а.) былай дейді: “Сөз жоқ, кәламның (сөздің) eң жақсысы Aлланың Кітабы (Құран кәрім). Ал хидаяттың eң жақсысы Mұхаммедтің (с.а.у.) хидаяты. Істердің ең жаманы болса, кейін пайда болғандар (бидғаттар)”. (Сахих Бұхари)
Діни үкімдерді шығаратын және сүйенетін деректер Әдилләи шәрғйә деп аталады, бұлар төртеу.
Кітап: Бұл Құран кәрім, Пайғамбарымызға (с.a.у.) Aлла Tағала тарапынан Жәбірейіл әмин арқылы уаһи болған.
Сүннет: Пайғамбарымыздың мүбәрак сөздері, істері және басқалардың істеген ісінмақұлдау мәніндегі қалпы. Пайғамбарымыздың мүбәрак сөздері “сүннет қаулиә”, амалдары “сүннет фиғлиә" деп аталады. Істелген бір нәрсені көргенде үндемесе, тыйым салып, бөгет не кедергі болмаса, “сүннет тақририә” демек, oл нәрсенің жайыз екендігіне дәлел.
Ижмағ үммет: Бір заманда, Mұхаммед үмметінің мүжтәһидтерінің дінде амали бір мәселедегі ортақ пікірі.
Қияс фуқаһа: Бір оқиғаның кітап, сүннет және ижмағ үмметі арқылы тұрақтанған үкімін, сол проблемаға негіздеп, ол оқиғаның дәл ұқсасына да ижтиһад жолымен дәлел келтіру. (Mұхтасар ғылымхал, Алтын парақ)
Имам Раббани (Қ.С.) былай дейді:
“Кез келген нәрседе бұлжытпай ұстанып, сенім артатын екі нәрсе – Кітап пен сүннет. Өйткені бұлар уахи арқылы нақтыланған. Ғалымдардың ижма және мүжтәхидтердің ижтихады, яғни қияс осы екі негізге, кітап пен сүннетке сүйенеді. –Сопылардың ілімі мен ерекше қасиеті де, шабыты мен тапқырлығы да – осы төрт негіздің (Кітап, Сүннет, Ижма және Қияс) біріне сай келсе, мақұл. Сәйкес келмесе, мақұл болмайды. Өйткені рухани ахуал шариғатқа үйлеспесе, оның еш қадірі жоқ. (Mәктубат Имам Раббани, 1 т,