Алла Тағала былай дейді: «Алла жолында лайығымен күресіңдер. Ол сендерді таңдады және сендерге дінді қиындатпады». (Хаж сүресі, 78-аят)
Имам Раббани (қ.с.) бір хатында былай дейді:
Барлық діни міндеттер мен үкімдерде барынша жеңілдік пен рақаттық мүмкіндігін болуы Алла Тағаланың (құлдарына) мейірімі. Мысалы бір күн және түнде он жеті ракағат намазды әмір еткен. Бұны оқу бәрін қоссаң бір сағатты алмайды. Сонымен қатар намаздағы қырағатты жеңіл болғанын оқуды жеткілікті қылған. Тік тұрып оқуға кедергі бар болса отырып оқуға, тіпті отырып оқу қиын болса жатып оқуға рұқсат етілген. Рүку, сәжде жасауда қиын болған жағдайларда ишарамен оқуды бұйырған. Су жоқ жерде тәяммүм жасауды дәреттің орнына қабыл еткен.
Малдардың зекеттерінде қырықтан бірін ғана пақыр, міскіндер үшін тағайындаған. Сонымен қатар зекеттің парыз болуын малдың «Нами» (көбею сипаты болуын) болуын және жануарлардың «Саима» (жылдың көп бөлігін жайылымда жайылып өткізуі) болуына байлаған. Өмірде бір рет қажылық жасауды парыз қылған. Сонымен қатар азық пен көлікке шамасы келуін және жолдың қауіпсіздігін (қажылық үшін) шарт қылған.
Кімде-кім осыншалықты жеңілдік пен рақаттық бола тұра ынсапсыздық танытып діни үкімдердің қиын әрі орындау мүмкін еместігіне сенсен ол кісі (рухани) жүрек ауруына және жан дүние тынышсыздығына душар болған. Сау кісілерге жеңіл болған көп істер әлсіздерге ауыр болады.
Жүрек ауруы; көктен түскен үкімдерге жүректің толық сене алмауынан тұрады. Мұндай адамдардың бұл үкімдерді қабылдауы көріністе ғана, ақиқатта емес. Ақиқатында мойындаудың нышаны діни үкімдерді орындап жатқанда жеңілдік, рақаттық сезімінің болуы. Бұл болмаса онда іс шынында өте қиын». («Мәктубат Имам Раббани», 1-том, 191-хат)