1. Енші-ата-ананың балаларға беретін еншісі.
“Еншісіз ұл, кәдесіз қыз болмайды”.
Қызға жасау сол енші есебінде беріледі. Қалың малынан көбірек береді. Төркіндеп келгенде және беріледі.
2. Бөлінбеген енші.
Қонақтың еншісі. Тамақ, жататын орын, жем-шөп. Ру, тайпасына қарамай қонақтың бай-кедей үйінде еншісі бар. Қонақты дұрыс күтіп алмаса айып алуға құқығы бар.
3. Еншілес болу
Тұтас рудың малға, жер-суға еншілес болуы. Бір кіндіктен тарамаған руластар бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін қағидасымен өмір сүрген. Басқа рулар алдында барлығы жауап берген. Кедейді байлары үйлендірген. Кедейдің бай малының ішінде үлесі болған.
1822-жылғы 320 ережеден тұратын Сібір қазақтарының уставы, 1868 жылғы уақытша положение негізінде руластар болыстыққа бөлінген соң еншілес болу тоқтады. Руларды болыстарға бөлшектеп, бір-біріне қарсы қойған.
“Жер Құдайдікі, жерге халық ие”- деп жүрген қазақтарға жерді бөліп беріп тайталастырған. Құнарлы жерлерді ресейден келгендерге берген. Қарсы шыққан қазақтарды атқан, Сібірге жіберген.
Жеті атадан асқан соң жеке ру болып шығу үрдісі де осы кезде тоқтаған.
Жеке ру болуы үшін сол елге ие болатын биі, батыры, байы болуы шарт болған. Іргелі жеті ру басшылары бата берген. Қоныс-тұрағы анықталған. Боз бие шалып, қанына бармақ батырған. Қыз алысуға рұқсат етілген.
Ру жеке шыққанда атасы басқаларда біріккен. Руластар бір кіндіктен тарамауы да мүмкін.
Рулар осылай ел билігіне араласқан.
Еншіге бола қазақ бөлінбеген.
Руымен бірге у ішетін қазақ, орыс заңымен жүргенде руласының үстінен арыз жазған.
Абай атамыз осы отарлауға күйінген. Қара сөздерінде ашына жазған.
Ақселеу СЕЙДІМБЕК