ДІНДЕ ДҰРЫС БАҒЫТТАН АЙНЫМАУ

ДІНДЕ ДҰРЫС БАҒЫТТАН АЙНЫМАУ

516
2 мин
ДІНДЕ ДҰРЫС БАҒЫТТАН АЙНЫМАУ

Дұрыс бағыт – туралық, міндет, жауапкершілікте дінге сай үлгіде әрекет ету, садақа мен шама, шектен айнымау. Діни үкімдерге, заңдылықтарға, амалдарға, ахлақи және адами міндет, жауапкершілікті сақтап, Алла Тағаланың және жаратылғандардың хақыларын сақтауға мән беру.

Худ сүресінің 112-ші аятында -мағынасы-: “(Уа, Мұхаммед!): Ендеше, өзіңе бұйырылғандай тура бол (қандай мәселеде болмасын өзіңе қалай әрекет ету бұйырылса, дәл солай әрекет ет), сондай-ақ Аллаға бет бұрып, тәубеге келіп, саған қосылғандар да турашыл болсын. Тура жолдан ауытқып, шектен шықпаңдар. Шүбәсіз, Ол не істеп, не қойып, жүргендеріңді көруде” дейді. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) және оған бағынып мұсылман болу құрметіне бөленгендердің шыншылдық пен Алла Тағаланың әмірлерін орындауда тең жауапты екені айтылуда. Діни міндетті орындауда сабырдың қайтарымсыз қалмайтынын білдіруде. Бұл аят былай тәпсірленген:

Сен өзіңе бұйырылғандай туралықтан айныма. Ендеше дұрыс бағытты ұстан. Өйткені сен кез келген туралықта жетекшісің. Және сенің жалпы және жеке барша міндетіңді Құран кәрімде өзіңе бұйырылғандай нағыз дәл туралықпен орындауың керек. Және осылай Алла Тағаланың уахиіне толық сай үлгіде Құран кәрімдегі үкімдер мен ахлақ бойынша өмір сүріп, туралықтың өнегесі болуың қажет. Солай еткеніңде сен жайлы ешқандай шүбә туындамайды. Бұлар пайғамбарлығыңа және мойныңа жүктелген тапсырманы табыспен орындауыңа ең үлкен дәлел болмақ.

Ол үшін сен сені теріске шығарғандардың сөзіне қарама, олары Алла Тағалаға тапсыр. Басқа мұсылмандарға да ортақ сенім мен амалға қатысты жалпы міндетіңде болсын, пайғамбарлық міндетіңе тиісті істерде болсын, бұйырылғандай кемелдікпен (толық) туралықтан айныма. Саған уаһи болған бұйрық қандай ауыр болса да, түсіндіру мен орындауда ешқандай шаруаға оны айырбастамай, әмір етілгендей дәл туралықпен атқар.

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс