Кәдімгі бал арасы да балды өзім үшін жинап жүрмін деп ойлайды...
Ол тіпті омарташыны да, оның ниетін де білмейді.
– Ей, бейшара, кімнің "омартасына" жұмыс істеп жатқаныңды білесің бе? – деп сұрап көр одан...
Шағып алсын..
Араның көзқарасымен қарасақ, ол жай ғана өз өмірін сүріп жатыр және өзін еркін деп санайды...
Ал шын мәнінде, оның жинаған балы омарташыға тиесілі. Бірақ ара ешқашан бұны түсіне алмайды, себебі омарташы оның ойлау шеңберінен тыс өмір сүреді. Ол ара үшін қолжетімсіз құбылыс, табиғаттың түсініксіз күші сияқты.
Енді мына суретке қараңыз...
Бұл – ара ұяшықтары, яғни балды сақтайтын торлар. Осындай омарталар әлемде жүз мыңдап саналады. Ал олардың ішінде миллиондаған аралар бар, олар күн сайын таңғы 6-да оянып, 8-де «жұмысқа» ұшып кетеді.
Әрбір ара өзінің еңбегі – жеке таңдауы деп ойлайды. Иә-иә... Өйткені бұл әлем осылай құрылған. Тірі қалу үшін еңбек ету керек. Барлығы да табиғи эволюцияның, одан кейінгі әлеуметтік дамудың нәтижесі. Солай ғой?..
Бірақ ара өзінің санасымен
– Бұл әлем неге дәл осылай құрылған?
– Оны осылай жаратқан кім?
– Неліктен дәл осындай жүйе орнатылған?
– Бұл әлемді басқарудың әдістері қандай?
-- Жалпы, бұл әлемді кім басқарып тұр? - деген секілді сұрақтарға жауап табуға қабілетті емес, тек ішкі түйсігімен сезуі мүмкін..
Сондықтан да біз туғаннан бастап өміріміздің соңына дейін бал жинап өтеміз...
Біз тек оның араларымыз, ал өміріміздің басты мәні – "бал жинау" екенімізді тек "омарташы" ғана біледі..
Дегенмен, құдіреті күшті омарташы бізге бір таңдау қалдырған:
Дәмі тіл үйіретін шырын бал немесе тіл-ауызды ойып жіберетін бал жинау...
Ұлы "омарташының" алдына қандай балмен барамыз?
Мұны өзіміз шешу үшін "омарташы" бізге сана берген..