БҰЛ ОҚИҒА БІЗГЕ ӨМІР ТУРАЛЫ ТӘЛІМ БЕРЕДІ

БҰЛ ОҚИҒА БІЗГЕ ӨМІР ТУРАЛЫ ТӘЛІМ БЕРЕДІ

811
3 мин
БҰЛ ОҚИҒА БІЗГЕ ӨМІР ТУРАЛЫ ТӘЛІМ БЕРЕДІ

Бір адам айдалада адасып қалады. Жанына алған ас суы таусылған соң күндер бойы бір тамшы су таппай, тез арада су таппаса, өмірі бірнеше сағатта бітетінін ойлайды.

Бірақ оның ішінде кішкене үміт ұшқыны әлі де бар болғандықтан бір жерден су тауып алатын шығармын деп алға жүре береді.

Дәл осы кезде ол алыстан бір үйшік көрінеде. Ол жылдар бойы қараусыз қалған екен.

Мүмкін су тауып алармын деп ішке кіргенде қол насосты (су сорғыш) көріп су тартқыза бастады. Бірақ насос құрғап қалғандықтан ештеңе шықпады. Сорғының көптен бері пайдаланылмағаны көрініп тұрды.

Ол шаршап жерге шалқасынан құлап түскен

кезде ол төбеге ілінген су құйылған бөтелкені байқады.

Ол әрең дегенде қолын созып, қолына алды. Су ластау болса да ішейін деп еді, бөтелкедегі жазуды көрді.

Жазбада былай делінген:

“Бұл суды сорғыны іске қосу үшін пайдаланыңыз.

Өтінемін, содан кейін бөтелкені толтырыңыз - себебі сізден кейін келе жатқан жолаушы үшін қажет болады”

Ол кенеттен үміт пен күдік арпаласқан екі ұштылық ойда қалады.

Осы суды ішіп, өзін құтқару керек пе?

Әлде бар үмітін су насосы жұмысына арнап, суды соған құю керек пе?

Егер сорғы жұмыс істемесе ше?

Жер асты сулары таусылып қалған болса ше?

Бұл ескертпе жазу шындық болмаса ше?

Мүмкін бар азғана суды құрылғыға құйса ол шынымен жұмыс істеп, қанғатты мөлшерде су шығып алдағы жолға да ыдысына толтырып алатын мүмкіндік болса ше?

Ол недәуір ойлана келіп ақырында ол жазбаға сеніп дірілдеген қолдарымен суды құрылғыға құйды да қол насосты баса бастағанда бірнеше әрекеттен кейін әрі салқын, әрі мөлдір таза су ағабастады.

Ол қана ішіп, салқын сумен жуынып өзінің ыдысына толтырып алды. Көңілі қош болып, жан дүниесі қайтадан өмірге деген құштарлыққа толды.

Сосын ескерпе жазбада жазылғандай бөтелкені қайта толтырып, төбеге іліп қойды.

Кетейін деп жатқанда тағы бір ыдысты байқады. Оның ішінде қалам мен шөлден шығудың жолын көрсетілген карта болды. Жолаушымыз сызба бойынша маршрутты жаттап алып, картаны орнына қайта қойып, әлгі жазбаның астына “маған сеніңіз ... бұл сорғы құрылғы қол насос бөтелкедегі аз суды құйсаңыз расында жұмыс істейді”- деп жазды:

***Бұл оқиға бізге өмір туралы тәлім береді.

-Жағдайымыз қаншалықты қиын болса да, үмітімізді үзбеуіміз керек.

-Кейде өмірде үлкен нәрсеге қол жеткізу үшін…

біз кей қымбат нәрсені құрбан етуіміз керек.

-Мақсат мүддеге жету үшін алдымен әрекет етуіміз, сенім беруіміз керек.

-Көбінесе өмір бізге жасаған құрбандығымыздан әлдеқайда көп нәрсені қайтарады.

-Біз қарапайым деп есептейтін бір нақыл сөз, жазба адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.

(Түрік тілінен тәржүмаланды Х.Т 2025.07)

Tilek Hayirdin Tilek Hayirdin

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс