Ең үлкен қызметтің бірі - Алланың дінін тарату үшін жасалған әрекет. Сондай-ақ Алланың әміріне мойынсұну арқылы діни парыздарды орындауға тырысу, нәпсі қалауларына ермеу – ол жиһад. Алла тағала тыйым салған нәрселерден аулақ болу да жиһад болып саналады.
Жиһад мұсылмандар үшін барлық уақыт пен жерді қамтитын қажетті парыз және қиямет күніне дейін мәңгілік парыз болып қалады. Алла Елшісі (с.ғ.у.): «Жиһад қияметке дейін әр дайым тұрақты парыз болады» – деген. Мұхаммедтің (с.ғ.у) үмметі ең жақсы және қайырлы үммет болуы тиіс. Ол Аллаға иман келтіру және Алланың Елшісіне мойынсұну, күпірлік пен басқа да күнәларды тыю және Алла жолында жиһад жасау арқылы болды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: «Дін дұшпандарына (Алла жолында) бір сәт шыдамдылық таныту, мың айдан асатын Қадір түнін Қағба муаззама және Хажар ул-асуадтың қасында сауабын толық алудан да қайырлырақ».
Бұл хадисте мүжәһидтердің (Алла жолындағы кызметкерлер) жоғары дәрежесі жарияланып, мүминдердің Алланың алдында үлкен беделге ие екендігі де айтылады.
Әбу Бәкір әс-Сыддықтан (р.а.) жеткен хадисте: «Мен Алла Елшісінің (с.а.у.) былай дегенін естідім: «Алланың жолында жүріп, аяғы шаң болған адамға жәннат парыз болады».
Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.) осы хадисті орындау үшін Ислам әскерін жорыққа шығарып салып жатқанда түйесін әкелген кезде, түйесіне мінбеген. жаяу жүруді жөн көрген. Жорықтан қайтып келерде (Алла жолынан)аяқ киімін шешіп, аяғына шаң тисін деп қолына ұстаған. Әбу Бәкір (р.а.) бұл әрекетінде тек Пайғамбарымызға (с.ғ.у.) мойынсұнуды көздеді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Муаз бин Жәбәлді (р.а.) Йеменге жібергенде, олар бірге бірнеше қадам жүріп, онымен қош айтысады.