Үлкен ақын Қадыр Мырзалиев 2004 жылы жарық көрген «Иірім» атты кітабында: «Сонау соғыс жылдары Украинадан мал айдаған адамдар біздің түкпірде жатқан алыс ауданға əрең жетіп, естерін жиды. Азған, тозған, аш жалаңаш қойшылар алдындағы отар-отар қойларына ие бола алмай, кез келген жерге қисая кетіп, кез келген жерде ұйықтап жатты. Ал олардың шашыраған қойлары жергілікті малға қосылып, иелерін ұятқа қалдырды. Соның өзінде аш-жалаңаш əрең отырған менің жүдеу жерлестерім босқындардың бір тышқақ лағына көз алартпай, адасып, ла ғып жүрген тоқты-торымдарын иелеріне айдап апарып тап сырып жүрді. «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» дегендей мұндай адалдық басқа жұртта бар ма екен» деп таңдана жазады.
Əрине, адалдық жалпы адамзатқа тəн қасиет. Мысалы, өткен ғасырдың 40-шы жылдарының аяғында Əзербайжан елінің үкімет үйін салып жатқан неміс тұтқындары бір күні жұмыс істеуден бас тартады. Бұл оқиға бірінші хатшысы М.Багировке жетеді. Ол өзі келіп мəн-жайды анықтаса, тұтқындар: «Біз неміс халқының атынан жұмыс істеп жатырмыз. Адалдық біздің туымыз. Сапасыз материалмен жұмыс істей алмаймыз» депті. Неміс халқының адалды ғына тəнті болған əзербайжандар бұдан кейін тек сапалы құрылыс материалдарын жеткізіп тұрыпты.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ