ҒАБДЫШҮКІР МОЛДА АХМЕТҰЛЫ (1911-1994)

ҒАБДЫШҮКІР МОЛДА АХМЕТҰЛЫ (1911-1994)

867
7 мин
ҒАБДЫШҮКІР МОЛДА АХМЕТҰЛЫ (1911-1994)

Кеңес үкіметі заманында тағдыр тәлкегінде талай қиямет-қайым қиыншылықтарды басынан өткерсе де, алты жасынан намазға жығылып, он үш жыл дін білімімен сусындаған, «бай баласы, молда» деп он жылға сотталса да, «дін таратушы» деп қуғын-сүргінге түссе де, Алланың ақ жолынан таймаған, өмірінің соңына дейін халыққа имандылық нұрын шашып, дінімізді насихаттап, тағылым өнеге көрсетіп өткен діни түлғалардың бірі Шүкір молда. Оның есімі Май өңірінде ғана емес, облысқа қарасты бүкіл Ертіс өңірінде қүрметпен аталады. Шүкір ақсақал Ақбалық хазіреттен бата алған, Салахиден хазіреттен оқыған, Троицкіде діни білімін жетілдірген білімді де білікті әрі халық ортасында аса беделді молда болған.

Бұдан кейін, кеңес өкіметінің байларды, молдаларды қудалауы, мал-мүлкін тәркілеп, абақтыға жабуы, ұжымдастыру деп жұрттың қолындағы малдарын сыпырып алып, мұның жалғасы 1931-1932 жылғы ашаршылыққа ұласқан Шүкір де жан бағыспен Ресейге кетіп, Новосібір облысы, Ворошилов атындағы кеңшарда тұрып молдалық құрып, дінді уағыздап жүрді. Шүкір отырған жерде жұртшылық оның ғибратты әңгімелерін сілтідей тынып тыңдайтын. Ал шариғатты айтқанда, бүкіл адамдарды аузына қарататын. Ол жақта да Шүкір білікті де білімді молда ретінде танылды.

Содан кейін елге оралып Май ауданы, Қызыл еңбек орта мектебінде шаруашылық ісін басқарды. Қайда қызмет істесе де адалдығымен, әділдігімен, мейірімділігімен назарға ілікті. Имандылық жолда діни қызметін де атқарып жүрді. Дүниеден озған марқұмдарды ақ арулап, соңғы сапарға аттандырудан да қалған жоқ. Кейіннен біржола дін жолына түсіп, ауданның бетке ұстар молдасы болды.

Шүкір молда өмірінің соңғы кезеңін Кеңтүбек ауылында өткізді. «Дін-апиын» деп молдалардың адымын аштырмай, имандылыққа қадам бастырмай түрған кеңес өкіметінің қылышынан қан тамған идеологиясы үстем кездің өзінде әсерлі діни уағызымен, имандылық тағылымымен, тәлімді ғибрат сөзімен халықтың жүрегіне жол тапты. Үйінің екі-үш бөлмесін қосып, кең намаз оқитын жер жасап, шаңырағын имандылық орнына айналдырды. Дүниеден қайтқан шалдардың үйіне барып, марқұмдардың жаназасын шығарып, соңғы сапарға шығарып салудан қалған емес...

Шүкір қандай жағдайда болсын (ауырып жүрсе де) ораза ұстайтын.

Ауылда ол уақытта небары төрт-бес адам ғана ауыз бекітіп жүрді. Оның өзін жасырын санайтын. Сонда Шүкір молда «Заман осылай тұра бермес. Халықтың ешкімнен именбей ораза ұстайтын, имандылыққа бет бұратын, дінімізге жол ашылатын кез келеді әлі» дейтін. Құдайға шүкір, бүгінде оны да көз көрді.

Шүкір ақсақал отырған жерде артық сөз болмайтын. Ол кісі діни терең білімді ғана емес, ғибрат аларлық, тағылым боларлық аңыз әңгімелерді көп білетін және оны айтқанда жұртшылық ұйып тыңдайтын. «Абайдың имандылық жөнінде мынандай айтқаны бар» “деп таң атқанша Абай өлеңдерін жатқа тақпақтайтын.Ол сөйлегенде халыктың назарын өзіне аудартып, тыңдаушысын еріксіз баурап алатын. Оқығаны да, тоқығаны да көп ғажайып жан еді. Молдалар оны ерекше сыйлайтын. Шүкір молданың беделі халық арасында өте жоғары болды. Ол партияның дін жөніндегі солақай саясатынан да қаймыққан жоқ. Намазын оқып, Құранын шығарып, имандылық жолында күн-түн демей толассыз халыққа қызмет жасады, -дейді көз көргендер.

Шүкірдің атасы (Ахметтің әкесі) ірі бай болған екен. «Байдың ұрпағы әрі молда» деп Шүкір қуғынға ұшырайды. Анасы он жылға сотталып кетеді. Ағайын-туыстары бұл қатерден Шүкірді аман алып қалудың амалын ойластырады. Сөйтіп, бір кедей ағайыны дүниеден өткен Шүкірмен шамалас баласының құжатын береді. Ол кезде құжаттарда сурет болмайтын. Осылайша Шүкір (шын аты –Ғабдышүкір) кеңес өкіметінің кесірінен Maғаy Тұрғанбайұлы деген атқа ие болады. Алайда, бүл жалған aт та Шүкірге қорған бола алмайды. Соңына түскен біреулер «Шүкір жалған құжатпен жүр. Ол байдың баласы, әрі молда»,-деп көрсетіп, Мағау (Шүкір) Тұрғынбайұлы 10 жылға сотталады. Он жылдың жеті жылын тар жол, тайғақ көшуде жүріп, қиын-қыстау жағдайда өтейді. Бармаған жері, татпаған дәмі қалмайды. Мурманск, Қазан қалаларында да болады. Шүкір молда түрмеде жатса да, айдауда жүрсе де бес уақыт намазын қаза етпейді, Аллаға құлшылық жасаудан танбайды. Сол қасиетінің арқасында ол өмірінің ақырына дейін өзі өскен Май өңірінде имандылық жолдың қадір-қасиетін танытып, өнеге көрсетіп, жұрттың ыстық ықыласына бөленіп, абырой-құрметке ие больш өтті.

Шүкір молдабірыңғай имандылық жолға түскен, дінге шын берілген кісі болатын. Үй шаруасына мойын бұрмайтын. Біреу қайтыс болса, күн демей, түн демей баратын. Ол үйде міндетті түрде қонатын. Қасына екі-үш молданы алдыртып, отыз парадан бөліп алып, түні бойы Құранды толық оқып шығатын. Содан соң барып, қайтыс болған адамға Құран бағыштайтын, жаназасын шығаратын. Шүкір молда мұны орындауды өзінің парызы санайтын. Сондықтан ол дүниеден өткен марқұмды ақ арулап, соңғы сапарына шығарып салудан қалмайтын. Ал қырқы, жылына баруды міндет санамайтын. Бірақ, халық барлық жағдайда Шүкір молданың келуін қалайды. Сондықтан оның үйде болатын кездері сирек еді. Кейде балалары «Әке, қайтыс болған адамның үйіне неге қонасыз? Үйге келіп жатпайсыз ба?!» дегенде, «Мен үйдің адамы емеспін, түздің адамымын. Халыққа қызмет етуім керек» дейтін.

Шүкірмолдасадақабергенадамдардың тізімін жасап, ол ақшаға қол сұқпайтын. Тізім бойынша түскен садақаларды есептеп, ақшасын түгелдей Павлодар қаласындағы «Бижан» мешітіне апарып тапсыратын. Тапсырылған ақшаның түбіртегін жинап, әбдіреде сақтайтын. Есеп жағына өте мұқият еді.

Айта кететін бір жайт,Шүкір молданың үйінде жаңа жыл, туған күн сияқты мерекелер тойланбайтын. Оның есесіне айт күндері ерекше мерекеленіп өтетін. Айттың бірінші күні бүкіл ел болып, Шүкір молданың үйінде тойлайтын. Ол балаларын да осыған баулып өсірді. Шүкір молданың бұрынғы әйелінен перзент болмайды. Ол қайтыс болғаннан кейін қырық тоғыз жасында үйленген зайыбы Көкештен тоғыз бала көреді. Қартайғанда көрген балаларын маңдайынан шертпей аса мейірімділікпен мәпелеп өсіреді. Шүкір молда ешқашан ашуланбайтын, балаларына, дауыс көтермейтін. Ұрпағын имандылыққа тәрбиелеп өсірген еді.

Ол сөйлегенде өр сөзінен ғибрат аласыз. Шариғат айтқанда төгіліп кетеді. Бір ойды бір ой қуалап, үзбей үздіктіріп, қызықтырып отырады. Ал енді Құранды өте таза оқитын, әр сөзін анықтап айтатын.

Ғабдышүкір Ахметұлы 1994 жылы 9 мамырда 83 жасында қайтыс болды. Тағдырдың тауқыметіне мойынсұнбай, дінімізді ңасихаттауда жанын аямаған, кеңес өкіметі түсында, мешіт жоқ кезде үйінің бөлмесін кеңейтіп, имандылық ошағына, намаз оқитын, уағыз айтатын орынға айналдырған, жүрекке жол таба білетін шешен сөзімен де, ғибратты іс-әрекетімен де халыққа үлгі болған Шүкір молда имандылық жолындағы тағылымды тәлімдері ешқашан ұмытылмақ емес.

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс