Даналар: " Адамға бірінші керек болған ілім - өз нәпсісін танып білу",- деген.Басқа бір түсіндірмелерде:"Адам үшін қажет болған ілім Алла Тағаланы танып білу"делінген. Негізінде екеуінің арасында алшақтық жоқ.Себебі "Өз нәпсісін танып білу"дегенде,жаратылыс жөнінен алғанда, адам Құдайды тануы,өзінің қалай жаратылғандығын түсініп білуі керек.
"Алла Тағаланы танып білу"деген сөздер құрметтілік,жоғары болу жағынан алғанда ілімнің ең жоғарғысы- Алла Тағаланы танып білу екендігін білдіреді. Себебі Пайғамбарымыз с.ғ.с. хадис шарифінде: "Өз нәпсісін таныған адам әлбетте, құдайды да таниды,біледі,"-деп айтқан.
Егер адам баласы өз нәпсісілерін танып білсе,онда сол арқылы
бұл дүниенің фәни (жалған ) екендігін, Алла Тағаланың бақи (мәңгі ) екендігін түсінер еді. Нәпсісін таныған адам әлемді де таныр еді.Әлемді таныған адам аспан мен жерді жаратқан құдыреті күшті Құдай екендігін жақсы түсінген болар еді. Нәпсісін таныған адам Құдайды танып біледі,оның мейірім,рахымынан үміт етіп, азабынан қорқады.
Нәпсісін таныған адам оны тыюды да біледі. Өзін тәрбиелеп ұстап ,нәпсісін тежей білген,басқара білген адам дүниені де жақсы және әділ саясатпен басқаруға күші жетеді.
Мағида сүресінің 20-шы аяты дәлел болады:"...Өз іштеріңде пайғамбарлар шығарды,әрі сендерді патшалар жасады".
Нәпсісін таныған адам басқада болатын кемшіліктің өзінде де болатын түсінеді.
"Нәфс лұғатта"бір нәрсенің хақиқаты,өзі деген мағынаға келеді.
Истилахтағы мағнасы: шаһуат(нәпсіқұмарлық), ашу-ыза, т.б.жаман мінез құлықтар.Яғни, "Нәфс аммара"- жамандыққа бұйырушы нәпсі.
Құранда Жүсіп сүресінің 53 аятында
Алла Тағала:"Әлбетте,нәпсі адамға жамандықты бұйырады"-, деген. Осы жердегі "нәфс аммара" адам табиғатының дүниенің алдамшы ләззаттарына қарай ауытқуы, оған құмарлығы деген мағынада келеді. Жыныстық құмарлық,ішіп-жеу,жақсы киіну,әшекейлену бояну, ұйықтау т.с.с.адам тәнінің барлық құмарлықтары- нәпсі аммара мағынасына келеді.
Нәпсі- адамның бойындағы хайуани құмарлықтарының дереу жүзеге асуын қтілеуші,жамандыққа қарай сүйреуші, күнә істерді істеуге итермелеуші, сауап істерден алып қашушы,
оны адам баласына ауыр,қиын етіп көрсетуші,менмендік,тәкаппарлық,қызғаншақтық,кекшілдік сияқты жаман мінез құлықтарды оятуш болған ішкі құштердің жиынтығы.
Екінші дәрежедегі нәпсі- "нәфс лаууама".
Құранда Қиямет сүресінде Алла Тағала былай дейді: "Жоқ,сөгіс беруші нәпсіге ант етемін"Бұл дәрежеде адам өз нәпсісін тежеп ,оны бағындырады.Құлшылықтағы кемшіліктері үшін өз-өзін тежеп,оны бағындырады, өзін сынайды.
Үшінші дәреже " нәфс мутамаинна ".
Адам баласы бұл дәрежеде өзінің Алла Тағаланың құлы екендігінің ақиқатына көзі жетеді,барлық үкімдеріне мойынсұнады,қиыншылық, қайғы - қасыретіне сабыр қылып,төзімділік көрсетеді. Қандай жағдайда болсада да Алла өзімен бірге екендігін ескеріп, оған тәуекел етеді,өзін бүтіндей бір Тәңірге тапсырады. Жақсылық та жамандық та бір Алладан екенінің шындығына көзі жетеді, түсінеді. Алланың үкімі деп, тағдыры деп екеуінде бірдей көреді. Адам "мутамаинна" дәрежесіне жеткенде хақиқи мұсылман болады. Аллаға мойынсұнады.Алла Тағала ондай құлына разы болады,құл да иесінің үкіміне разы болады. Алла Тағала
Құран Кәрімнің Фажр сүресінің соңында былай дейді: " Әй орныққан нәпсі! Рабыңа Ол сенен, сен
Одан разы болған түрде қайт.!Енді құлдарымның арасына кір! Сондай-ақ жәннатыма кір! "
Демек төртінші дәреже-"нәфс разия", бесінші дәреже" нәфс- марзия" екендігі белгілі болды.Жоғарыда айтқан нәпсінің дәрежелері тақуа адамдарда,әулиелерде болады. Ғұламалар бұдан басқа соңғы дәреже- "сафия" дәрежесін де айтып кеткен. Яғни "тазарған ңәпсі" деген мағынаны білдіреді. Ол дәреже тек пайғамбарларда және сахабаларда болады.
Пайғамбарымыз с.ғ.с. хадис шарифінде нәпсі туралы былай деген:"Нәпсіге ( шаһуатқа) мойынсұну-ауру,ал аурудың емі - оған қарсылық білдіру.
Басқа бір хадисінде
Пайғамбарымыз с.ғ с. нәпсімен күресуді "жиһад әкбар ",яғни ең үлкен соғыс, деген."Кіші соғыстан үлкен соғысқа қайтып келе жатырмыз"-, деген. Сахабалары: "Йә Расулуллаһ! Кәпірлерді жеңдік енді кіммен соғысамыз?-" дегенде,
Пайғамбарымыз с.ғ .с., "Енді нәпсімізбен соғысамыз! "- деп жауап қайтарған.
Бұл соғыстан жеңілсек,Тәңір сақтасын,онда иманнан айрыламыз.
Сондықтан мұсылман пенде нәпсісіне ермеуі керек, Керісінше оған қарсылық көрсетіп,әрбір ісін есеппен,оймен,ақыл таразысына салып,өлшеп істеуі қажет.
Әр күні өзінің істеген істерінің жақсысы көп пе,жаманы көп пе,құлшылығы көп пе,жоқ күнәлары көп пе деп,өзін-өзі тексеріп өзінен -өзі сұрап отыруы тиіс. Сонда ғана адам жақсылыққа жетеді.Ардақты Пайғамбарымыз с.ғ с. хадис шарифінде былай деп айтқан : "Үмбетіме сондай бір заман келеді,бес түрлі нәрсені жақсы көреді,бес түрлі нәрсені ұмытады":
1. Дүниені сүйеді, ахиретті ұмытады.
2. Үйлерін жақсы көреді, қабірлерді ұмытады.
3. Мал- дүниені сүйеді, есепті ұмытады.
4. Әйел,бала-шағасын жақсы көреді, жәннаттың үрлерін ( хор қыздары ) ұмытады.
5. Нәпсілерін жақсы көреді, Алланы ұмытады. Олар менен қашады, мен олардан қашамын.
Әбдімүтәліп ДӘУРЕНБ
ЕКОВ