Құлшылық түрі әр дінде әр түрлі болады.
Ол адамдардың не нәрсеге бейім екеніне, оның жан-дүниесіне не жақын соған байланысты болады.
Барлық дін тармақтарына ортақ жалпы тәртіп орнатып, міне мынау дұрыс, ал былай дұрыс емес деп айта алмайсыз.
Мүмкін бір кісі ғибадатқа өнер саласы араласқан құлшылық жасағаннан үлкен ләззат алуы.
Ол оның эмоционалдық табиғатын ынталандырады.
Музыка да, бейнелер де, жұпар иіс те, түстер мен жарық та, соның барлығы мұндай адамға оң әсер етеді.
Ал басқа біреу, егер ғибадат орнында көңілін алаңдататын басқа еш нәрсе болмаса зейінін тез жинап алады.
Әңгіменің бәрі темпераментте.
Құлшылықтың бір түрін, немесе басқа түрін таңдап алуда тұрған ештеңе жоқ.
Сопы идеалдың көп түрі секілді, форманың да көп түрін көре біледі.
Әдетте сопылар сыртқы көрініске мән бермейді.
Құдайға деген құлшылықтың астарында шынайы рух тұратын болса, адамның өзінде шынайы сезім боп тұрса, ғибадаттың түрі маңызды емес.
ЕГЕР СЕЗІМІ ШЫН БОЛАТЫН БОЛСА, ҚАНДАЙ ҚҰЛШЫЛЫҚ ЖАСАП, ЖАСАП ЖАТҚАН ДҰҒАҢ МАҢЫЗДЫ ЕМЕС.
Әлем бойынша фундаменталистер мен ортодокстар өзара күресіп келеді, олардың әрқайсысы “біздің жасап жатқан құлшылығымызға ештеңе жетпейдіі”-деп айтады.
Біздің шіркеу ең жақсы құлшылық орны.
Біздің храм ең жақсысы.
Біздің ритуал - ең жақсысы.
Қалғандардың бәрі қателесуде”; олар Құдай үйінде: “Сен қай шіркеуден, қай храмнансың?”-деп сұрамайтындығын білмейді. Есесіне: “Құлшылықтарың қаншалықты шын еді?”-деп сұрайды.
Табиғат әрбір жанға Ұлық Жаратушысына құлшылық етудің қандай да бір жолын үйретеді және көбінесе ең қолайсысын ұсынады.
Барлық дінді бір заңмен басқарғысы келетін адамдар өз дін жолындағы рух көзғарасын жоғалтады.
Әдетте мұндай ойларды өз діні жайлы шала оқыған адамдардан байқауға болады.
Егер олар өз діни жолдарын терең зерделей оқыған болса, өмір жолында кездескен ауыртпалықтарға қаншалықты сабырлы да төзімді, әрі басқалардың ұстанған діни жолдарына дұшпандық қасиеттері жойылып, оларға сабырлы болар еді!
Ғибадат жасауы да солай болар еді.
Адам өзінің құлшылық жасап жатқан Құдайына қандай құрмет пен қадыр көрсетіп жатқаны маңызды емес.
Керегі тек шын жүректік.
Құдайдың бір үйінде біз жұрттың бәрінің бас киімсіз жүргенін байқаймыз, ал Үндістанда, Персияда және Арабияда бәрі мешітке барар алдында бастарына тақия киіп алады.
Олардың салтында осылай.
Басқа бір құлшылық үйінде бәрі жалаң аяқ, тағы бір жерге барсаң бәрі міндетті түрде аяқ киімде.
Егер біреу түрегеп тұрып құлшылық жасаса, ал екіншісі отырса, үшіншісі тізерлеп тұрса, ал төртіншісі етпеттеп жатса, біреу басқ адамдармен бірге болса; ал біреу жалғыз болса да онда тұрған ештеңе жоқ.
Мұндағы ең маңызды нәрсе - құлшылық жасап жатқан адамның жүрегінің тазалығы, ақылы Құдаймен тұтасып кетсе, шын жүректік пен сабырлылық болса болды.
Хазіреті Инаят Хан
аудапған Жүрсін КӘРІМ