
Шариғатқа қатысты мәселелер жөнінде тікелей эфирде сөз қозғап отырған бір ғалымға бір әйел хабарласып мынадай сауал қойған екен.
- "Неге осы шариғат әйелді күйеуіне бағынышты еткен?
Неге әйелге күйеуінің айтқанынан шықпауға үндеген?
Неге ер адам әйелге бағынышты емес?".
- "Сіздің қанша балаңыз бар?".
- "Құдайға шүкір! Үш ұлым бар".
- "Шариғат сізге бар болғаны бір еркекке бағынышты болуды бұйырған. Ал үш балаңызға "сізге" бағынышты болуды бұйырған. Және ең бастысы бұл үшеуі "сізге" бағынышты болып, "сізге" қатысты қарым-қатынасы жақсы болғанда ғана жұмаққа кіреді" деп жауап берген екен.
Бауыржан ӘЛИҰЛЫ
Пікір қосу