
Бірде төрт жігіт адамдардың көзінен тасалау жерде тамақтанып отырған ақсақалды көреді. Бұл рамазан айы болатын. Жігіттер қариядан:
- «Ақсақал, сіз ораза тұтпадыңыз ба?» - деп сұрайды. Ақсақал:
- «Тек тамақтанып, су ішкенім болмаса мен ораза тұттым» - дейді. Жастар:
- «Сіз нені меңзедіңіз?» - деп езу тарттып ақсақалға күле қарады.
- «Мен өсек айтпаймын, ешкімге тәкаппарлықпен қарамаймын, біреуді күлкі етпеймін, жан баласына қиянат қылмаймын, Алланы зікір етемін, біреудің дүние - мүлікіне қызғана қарамаймын... Алайда асқазаным ауыратындығы себепті ашығуыма болмайды» - деді. Сөйтті де жастардан:
- «Сендер де ораза тұттыңдар ма шырақтарым?» - деп сұрады.
Төрт жігіттің үшеуі ұялған түрде үнсіз бастарын изеді. Төртінші жігіт естілеу, алғыр азамат екен:
- «Жоқ ақсақал, біздікі құр ашығу мен шөлдеу ғана» - деп жауап беріпті.
Algadai Abylgazyuly фб парақшасынан
Пікір қосу