Абай Құнанбаев былай деген:
“Мешіттің құтпа оқыған ғұламасы,
Мінәжат уәлилердің зар наласы.
Бір сөзін, бір сөзіне қиыстырар,
Әрбірі келгенінше өз шамасы.”
Абай бұл шумақта иман жолындағы екі үлкен топты суреттейді:
— Бірі – мешітте құтпа оқып, халықты дұрыс жолға шақыратын ғұламалар;
— Екіншісі – Аллаға шын жүректен жалбарынып, мінәжат қылатын уәлилер.
Олардың сөзі – халыққа рухани дем, жол көрсететін шамшырақ. Әрқайсысы білгенінше, шамасы жеткенінше сөзін қисындырып, мағыналы етіп жеткізеді.
Дін – тек рәсімдер жиынтығы емес. Ол – өмірдің мәні, жүректің тазалығы мен қоғамның бірлігінің кепілі. Білімді ғұлама да, жүрек көзі ашылған уәли де – осы нұрды халыққа жеткізуші.
Abdulakhad Smanov-тың фб парақшасынан