ҚҰРАН – ЖҮРЕГІМІЗ ТУРАСЫНДА
ҚҰРАН – ЖҮРЕГІМІЗ ТУРАСЫНДА
17.11.2023 08:52
432
0

«Сол кәпірлер жербетін шарлап (адамды еріксіз ойға қалдыратын осынау ғибратты көріністерге зер салып қарамайма?)

 Бәлкім, сол арқылы олар ақылға салып ойланатын жүректермен (ақиқатты) еститін құлақтарға жарып қалар.

Анығында көздер көр болмайды, керісінше, көкіректердегі жүректер көр болады» («Хаж» сүресі, 46-аят). 

       «Олай болса, құдайларың - (теңдесіжоқ) жалғыз Құдай. Алайда, ақиретке сенбейтіндердің жүректері (осынау ұлыақиқатты) жоққа шығаруда.

Анығында, олар орынсыз көкірек керіп, тәкаппарлыққа салынуда» («Нахыл» сүресі, 22-аят).

       «Басқа келген әр жамандық Алланың рұқсатымен ғана болады. Кімде-кім Аллаға шын көңілден иман етсе, Алла оның жүрегін ақиқатқа және дұрыс бағытқа бұрады. Алла барлық нәрсені біледі» («Талақ» сүресі, 11-аят).

  «Әйтпесе, олар осынау Құранға ой жүгіртпейме? Жоқ, әлде жүректерінде бірінің үстіне бірі салынған қат қабат құлыптар барма?» («Мұхаммед» сүресі, 24-аят).

   «(Уа, Мұхаммед), оларға былайде: «Сендерді көркем бейнеде жаратқан әрі сендерге есту қабілетін, көзді және (жүрек түкпіріндегі)

рухани сезімдерді берген де бір Алла. Соған қарамастан сендер өте аз шүкір етесіңдер!» («Мүлк» сүресі, 23-аят).

 

 

0 пікір