«ТОЛЫҚ АДАМ» ҚАНДАЙ АДАМ?
«ТОЛЫҚ АДАМ» ҚАНДАЙ АДАМ?
02.02.2024 17:57
278
0

Аса РақымдыерекшеМейірімдіАлланыңатыменбастаймын!

Әлемдердің Жаратушысы Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Алла Тағала қасиетті Құранда «Тин» сүресінің 4-аятында былай дейді: «Расында, адам баласын асқанкөркембейнедежараттық». Осы аятқа тәпсір жазған Мұхаммед Али ас-Сабуни былай деген: «Шүбәсіз, Адам ұрпағына ең кемел және ең көркем сипаттар белгілеп, ең көркем түрде жараттық. Яғни, түр-сипаты көркем, бойы түзу, ағзалары бір-біріне келісті; білім, түсіну қабілеті, ақыл, жақсылық пен жамандықты айыра білу, сөйлесу және әдеп сипаттарымен безендіріп жаратты».

Осы «Тин» сүресінің келесі, яғни 5-аятында Алла Тағала: «Сосын, оны төмендердіңтөменінеқайтардық» дейді. Осы аяттың тәпсірінде былай делінген: «Өзінің жаратылудағы мақсатын орындамағаны үшін, оның дәрежесін төмендердің төменіне түсірдік. Өйткені ол ең көркем түрде жарату нығметімізге шүкіршілік етпеді, өзіне берілген бұл көркем артықшылықтарды Бізге бойсұнуда қолданбады. Сондықтан біз де оны төмендердің төменіне, яғни, тозаққа түсіреміз».

Расында, Алла Тағала адам баласына ақыл-ой, сезім мен парасат берді. Адам – жаратылыстардың ішіндегі ең көркем бейнеде жаратылған тіршілік иесі. Сондықтан адам баласы айналасына өзінің көркем мінезімен үлгі-өнеге болуы тиіс. Ғалымдарымыз мұндай өнегелі жанды «әл-инсан әл-кәмил» деп атаған. «Әл-кәмил» деген сөз толық, тұтас, бүтін, аяқталған деген мағыналарды қамтиды. «Әл-инсан әл-кәмил» деген сөзді «толық адам» деп тұжырымдауға болады.

Ойшылдар мен ғұламалар «толық адам» жайлы сөзге бірнеше түсініктемелер берген. Хәкім Абай: «Адам – нәпсі, өзімшіл мінезбенен...» дейді. Абай адамның өзін-өзі (нәпсісін) тануы ең алдымен білімді болуға жетелейтінін жеткізеді. Себебі, адамның ғылым-білімді үйренуі Жаратқанды танып-білуге итермелейді. Адам баласы білім-ғылымды меңгергенде ғана «адам» атанады. Бұған байланысты Абай: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» дейді.

«Толық адам» ілімі – шығыс пәлсапасында кеңінен қарастырылған пәлсапалық концепция ғана емес, ғасырлар бойы өзіне назар аударта алған, тамыры тереңде жатқан күрделі ілім. Алғаш рет ортағасырлық ғұламалар негізін қалаған бұл ілімді қазіргі уақытпен сабақтастырып, тиімді және тиімсіз тұстарын айқындап, заман талабына сай лайық жақтарын алудың тұлғаны жетілдіруде атқаратын рөлі өте маңызды.

Зерттеуші Д. Жазықбаев адам туралы ой-пікір мен тұжырымдардың алғашқылары шығыста қалыптасқанын айта келе, араб тілдік мұсылман пәлсапасына сәйкес кемелденген тұлғаны – «жан-жақты жетілген дегеніміз тек қана әдептілік нормалары мен принциптеріне сәйкес келген адам ғана емес, сонымен бірге, парасатты, білімді, бүкіл жан дүниесін, бар болмысын ақыл-ойға негіздеген адам» деген тұжырым жасайды.

Әл-Фарабидің «Адам» мәселесіне қатысты ой-тұжырымдары, мәселен, Ж.Баласағұнидің ой-тұжырымдарымен сабақтасса, «Құтты білік» туындысы авторының ой-тұжырымдары кейін қазақтың ғұлама-ойшылы Абайдың шығармашылығында да көрініс табады. Адамның жетілуінде орын алатын адамның жеке жақсы қасиеттерінің көпшілігі ғұлама ғалымдарға ортақ келеді, ғасырдан-ғасырға сақталады, яғни әл-Фараби ұсынған адами қасиеттердің барлығы қазіргі кезде де өзінің өзектілігін жойған жоқ.

Бақытқа қол жеткізуде ғылыми білімдердің жиынтығы болып есептелетін пәлсапа жан тазалығын сақтауға, жүрекке мейірімділік пен жомарттықты ұялатуға, қиындықтарға төтеп беруге, мақсатқа жетуге талпынуға, ақыл, ой мен іс-әрекеттерді дұрыс жасауға мүмкіндік береді. «Ғылымдардың атасы» саналатын әл-Фараби үшін де білімнің ең жоғарғысы, қайырымдылықты қалыптастыру мен оны кеңінен таратудың ең ұтымды әдісі.           

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мен көркеммінездікемелдендіруүшінжіберілгенмін», – деген сөзіне мән берер болсақ, хақ дініміз жоғары моральдық, этикалық құндылықтарды насихаттап қана қоймай, оны шынайы болмысымызбен жүзеге асыруымызды үйретеді.

Асыл дініміз Ислам кәміл дін болғандықтан, оның әдеп нормалары да кәміл. Бұл әдептер адамның Жаратушысымен байланысын, өзге жаратылыстармен қарым-қатынасын реттеумен қатар пенденің өзін де рухани тұрғыдан кемелдендіретіні хақ. «Адам әдебімен көрікті» демекші, мұндай әдеп нормаларын практикада жүзеге асыру адамның жеке басының қадір-қасиетін арттырып, қоғамдағы өзара сыйластық пен бірліктің артуына ықпал етеді.

Ислам әдептерінің қайнар көзі – Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті. «Әуелі аят, хадис сөздің басы» деген хәкім Абайдың «Толық адам» концепциясы осы негіздерге сүйенген. «Жүректен қозғайын, әдептен озбайын», – деп сөз бастаған ақынның өлеңдері мен қара сөздерінде ұсынған этикалық нормалар толығымен Ислам әдептеріне сәйкес келеді.

Қазақ даласының кемеңгер ғұламасы Әбу Насыр әл-Фараби: «Мінез – жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты», – десе, алаш арысы Әлихан Бөкейхан: «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес – мінезден»,–  дейді.

Алла Тағала көркем мінезді, иманды жастарымыздың қатарын арттырғай. Әмин!

 

Асан ТІЛЕУБЕРДИЕВ

 

 

0 пікір