ТӘУБЕНIҢ ҚАСИЕТI
ТӘУБЕНIҢ ҚАСИЕТI
29.01.2024 15:15
208
0

Тәубе – күллi мұсылман  қауымының  тіліндегі  арабша  сөз.

«Өткен  күнәларына  шын  жүректен  өкiну,  күйiну»  дегенді  білдіреді. Пенденің күнәдан толық арылуы мүмкiн емес. Ендi бұл жамандықтан арылу тек қана екi оттың бiрiмен, яғни бұл дүниеде бiлiп – бiлмей iстеген қателiгiне iштей, шын жүректен қатты өкiнiп, Аллаға жалбарынумен немесе ақыреттегi тозақ отымен ғана болады. Ал ақыреттегi тозақ отымен күйдiру, ол адами жауһарды шайтанның жамандығынан тазартудағы қажеттi нәрсе. Бұған тат басқан темiрдi темiр ұстасының отқа қыздырып, балғамен ұрып жөнге келтіргенін мысал етіп беруге болады. Сондықтан осындай ауыр жағдайға ұшырамай тұрып, осы дүниеде тәубе ету ләзiм.

Исламда  тәубе  етудің  әрбiр  мүмiн-мұсылман  үшiн  уәжiп екендiгi туралы аят – хадистер көп.

Алла Тағала Құран Кәрiмде:

«Әй, мүмiндер, түптүгелАллаға тәубеетiңдер! Мүмкiн (азапқа) ұшырамассыңдар»560;

 Алла Тағала:

«Әй, мүмiндер! Аллағашынайытәубеетiңдер561 делінген.

Тәубе ету адам баласының барлық үлкен күнәларын жойып қана қоймайды. Жүрегiнде иманы бар әрбiр пенденiң Жаратқан иесiнiң разылығын табудан үмiтi болса, тәубе ету Алла тағаланың пендесiне деген сүйiспеншiлiгiн оятады. Құран Кәрімде:

«Шәксiз, Аллатағалатәубеетушiлердi жақсыкөредi әрi тазаболушылардыдажақсыкөред562.

Тәубе етушi Алланың сүйiктi пендесi болатындығына және тәубе  адам  баласының  бiрде – бiр  күнәсiн  қалдырмайтындығы жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис – шәріпінде:

«Тәубе етушi Алланың сүйiктi пендесi әрi ол бейкүнә сәбидей таза болады».

 Негiзiнде, тәубе ету – ол өзiмiзге пайдасын тигізеді, әлемдегi адамзаттың барлығы тәубе етпей өтсе де, оның Аллаға титтей де кесiрi тимейді. Бiрақ Алла тағаланың мейiрiмдi, рахымды деген сипаттары бар. Осы мейiрiм-рахымдылығынан пенделерiне жол көрсетiп, сол жолмен жүрген пендесiне разы болады.

  Алла  Тағаланың  пенделерiне  мейірiмдiлiгi  сонша  –  егер бiр  пендесi  тәубе  етсе,  адам  баласы  жоғалтқан  нәрсесiн  тауып алғандағы қуанышынан да артық қуанады.

Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис-шәріпінде былай деген:

Мысалы,  ұзақ  шөл  далада  сапар  шегіп  шаршап-шалдығып келе жатқан бiр кісі аялдауға ниеттеніп, түйесiнен түседі. Қисайып кішкене көз шырымын алғаны сол екен, бiр уақытта қараса, түйесi үстiндегi  ас – суымен  бірге  ұшты – күйлі  жоқ.  Әлгi  кiсi  ары – берi жүгiрiп іздеп әлек болады. Әбден шаршап-шалдығып отырып бір мезет қараса, өз-көзіне өзі сенбейді. Сөйтсе, түйесi қасына келіп тұр екен. Азық – түлiгi де дін аман. Бұған әлгі кісі жүрегi жарылардай қатты қуанады. Мiне, Алла Тағала мүмин пендесi тәубеге келгенде, осы кісінің қуанышынан да артық қуанады, – деген.

Хасан  риуаят  еткен  хадис  құдсиде:  «Алла  тағала  Адамның (ғ.с.) тәубесiн қабыл еткен уақытта, тiптi перiштелер де қуанып Адамға (ғ.с.) сүйiншi айтып құттықтады. Жәбiрейiл мен Микәйiл(ғ.с.) келiп: «Әй, Адам, сүйiншi Алла тағала тәубеңдi қабыл еттi», – дедi.

Адам (ғ.с.): – Әй, Жәбірейiл, осы тәубеден кейiн сұрақ – жауап болса, ақыретте менiң жайым қай жер болады? – деп сұрады.

Осы сәт Алла Тағала уахи етiп: «Ей, Адам! Сенiң ұрпағыңа сынақ  қиыншылығын  бердiм.  Бiрақ  осы  қиыншылықтан  өте алмағандарға  тәубенi  бердiм.  Кiмде – кiм  маған  дұға  етсе,  саған ләббай дегенiмдей оларға да ләббай деймiн. Кiмде – кiм кешiрiм сұраса,  сараңдық  жасамаймын.  Себебi,  мен  оларға  жақынмын әрi  дұғаларын  қабыл  етушiмiн.  Ей,  Адам!  Қиямет  күнi  тәубе етушiлердi  қабiрiнен  сүйiнiштi  және  де  дұғаларын  қабыл  етiп тұрғызамын», – деген.

Алла  Тағала  Құран  Кәрiмде  шынайы  мүмин  қандай  екен – дiгiн  баяндай  келе  оларға  ақыретте  ұлық  дәрежелi  орындар болатындығын айтып сүйiншiлейдi:

«Ал олар қашанарсыздық iстесенеөздерiнезұлымдыққылса, Алланы естерiне алып, күнәларының жарылқауынтiлейдi. КүнәлардыАлладанбасқакiмжарылқайды?! Сондайақолар iстеген iстерiнебiлетұрақасарыспайды»563.

«Мiне  солардың сыйлықтары Раббылары тарапынанжарылқаужәнеастарынанөзендерағатынұжмақтар. Оларондамәңгi қалады. Амал iстеушiлердiңсыйлықтарықандайжақсы! деген»564.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзiнiң хадис – шәріпінде:

«Шынында Алла Тағала пендесiнiң жан тәсiлiм ететін халге келмей тұрып еткен тәубесiн қабыл алады»565, – деген.

Иман келтiрiп, әрдайым тәубесiне келiп, күнәлары үшiн Алладан кешiрiм сұрап жүрген пенденiң жан тапсыруы жеңiл әрi соңғы  сөзi “Лә илаһа илаллаһу Мұхаммадур расулуллаһ деген куәлiк беруi болады. Ал иман келтiрмей, тәубесiз жүрген пенделердiң  жаны  алқымына  тығылып,  мұны  айтуға  тiлi  келмей, тамағы қырылдап қалады. Мұндай жағдайда шын жүректен күнәсiне өкiнген кісінің тәубесін Алла қабыл етедi деген де хадис бар. Алла тағала пенделерiне аса мейiрiмдi, рахымды, кешiрiмдi, тәубелерды қабыл етушi.

Хадис-құдси:

Бiр  күнi  пайғамбарымыз  Мұхаммедке  (с.ғ.с.)  Жәбiрейiл (ғ.с.)  келiп:  –  Әй,  Мұхаммед,  Алла  тағала  саған  сәлем  жолдады. Үмбетiңнен кiмде – кiм ажалынан бiр жыл бұрын тәубе етсе, тәубесiн қабыл етем, – дедi.

Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  –  Көп  үмiтке  салынып  қапы  кетуі мүмкiн. Сондықтан үмбетiме бiр жыл көп, – дедi.

Жәбiрейiл  кетiп,  кейiн  қайта  оралып:  –  Әй,  Мұхаммед, Раббың:  Кiмде-кiм  ажалынан  бiр  ай  бұрын  тәубе  етсе  қабыл етемiн, – дедi.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): – Әй, Жәбірейiл, үмбетiме бiр ай да көптiк етедi, – дедi.

Жәбiрейiл  (ғ.с.)  қайта  оралып:  –  Әй,  Мұхаммед,  Раббың: үмбетiңнен кiмде – кiм ажалынан бiр күн бұрын тәубе етсе қабыл етемiн, – дедi.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үмбетiме бұл да көп, – дейді.

Жәбiрейiл (ғ.с.) үшiншi мәрте қайта оралып: – Әй, Мұхаммед, Алла Тағала: үмбетiңнен кiмде-кiм ажалынан бiр жыл бұрын немесе  бiр  ай  немесе  бiр  күн  немесе  бiр  сағат  бұрын  тiптi  жаны алқымына келiп тiлi күрмелiп, сөйлей алмай қалған жағдайда да шын жүректен күнәларына тәубе етсе, күнәсiн кешiремiн, – дедi.

Пайғамбарымыз  Мұхаммедтің  (с.ғ.с.)  тәубе  туралы  қайта – қайта сұрауы, Алла тағаланың Құран Кәрiмде:

«Расында  сендерге  iштерiңнен ардақты бiр Пайғамбаркелдi. Оған қиналуларың ауыр тиедi. Сендерге өтеынтық, мүмiндерге өте жұмсақ, ерекше  мейiрiмдi»566,  –  деп сипаттағынындай  үмбеттерiне  аса  рахымды,  мейiрiмдiлiгiнен туған.

Осы хадиске Омардың (р.а.) Пайғамбарымызбен (с.ғ.с.) бiрге ансарлардан бiр кiсiнiң үйiне барғандағы оқиға дәлел:

Бiр күнi Омар ибн Хаттаб (р.а.) пайғамбарымыз Мұхаммедпен (с.ғ.с.)  бiрге  ансарлардан  бiр  сахабаның  үйiне  кiрсе,  ол  кiсi жағдайы нашарлап, ажал аузында жатыр екен. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  оған:  «Аллаға  тәубе  ет!»,  –  дедi.  Әлгi  кiсi  тiлiн  икемге келтiре алмай, аспанға қарады. Осы сәт Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күлiмсiредi. Сол уақытта Омар (р.а.): «Уа, Алланың елшісі, неге күлдiңiз? – деп сұрады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұл кiсi тiлiмен тәуба айта алмаса да, көзiмен аспанға қарап өкiнiп жүрегiмен шынайы тәубе еттi.

Алла  Тағала:  «Ей,  перiштелерiм,  мына  пендем,  тiлiмен  тәубе етуге  шамасы  келмей  шын  ықыласымен,  жүрегiмен  ашынып тәубе  еттi.  Мен  оның  тәубесiн  және  шын  жүректен  күйiнгенiн бос қалдырмаймын. Расында, мен оны кешiрiп, тәубесiн қабыл еткендiгiме сендер де куә болыңдар! – дедi. Осы iстерге қуанып күлiмсiредiм, – деп жауап бердi.

Бiрақ, бұдан «Өлерiмде бiр тәуба етермiн. Сондықтан ойнап – күлiп  өмiр  сүрейiн»  деген  ой  тумаса  керек.  Керiсiнше  тезірек тәубе етсең, Алланың рақымына бөленесiң, әйтпесе, шайтанның алдауында қаласың дегенi.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис – шәріпiнде:

«Мусаууафундар өледi (яғнитозақыболады567, – деген.

Мусаууафун  деп  кейiнiрек  пәлен  жасқа  жеткенде  тәубе етiп, барлығын тастап намаз оқып, құлшылық етемiн деп өзiн - өзi жұбатушы адамды айтады. Ол нағыз адам баласының түбiне жететiн,  адамды  тозақы  ететiн  нәрсе.  Ондайдан  Құдай  өзi сақтасын!

Себебi, ешбiр адам өзiнiң қай кезде көз жұмарын бiлмейдi.

Екiншiден,  адам  баласы  әдетке  айналған  iстерiн  тастай  алмай, тiптi оның күнәларын жеңiл санап, қорықпай да қалады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үмбеттерiне былай деп өсиет еткен: «Ей, үмбеттерiм! Кәлима шаһадат пен истиғфарды парыз бiлiп, ол екеуiн әрдайым айтып жүрiңдер. Себебi, шайтан (оған Алланың лағынетi  болсын!)  былай  дедi:  «Мен  адамдарға  күнә  iстер  iстетiп,  олардың  түбiне  жетiп  тозақы  етемiн  десем,  олар  кәлима шаһадатпен Алладан кешірім тілеп, менiң түбiме жетпекшi. Осыны көрiп оларды бос, сауапсыз iстермен әуре қылып қойдым. Ендi олар өздерiн тура жолда жүрмiз деп ойлайды да Алладан кешірім тілемейді», – деп.

Басқа бiр хадис-шәріпте: «Алла Тағала Адамды (ғ.с.)  жаратып, оған перiштелерге және әзәзілге сәжде етудi бұйырғанда, әзәзiл тәкаппарлық жасап пейiштен қуылған уақытта:

“Әй, Раббым!  Сенiң құдiретiңе ант етiп айтамын.  Адам баласының кеудесiнде жаны бар екен, азғырғаным азғырған, – дедi.

Алла Тағала:

“Ей, малғұн! Құдіретiм мен ұлықтығыма ант етемiн. Егер пенделерiм тәубе етiп истиғфар айтса, күнәларын кешiремiн, – дедi.

Алла Тағала Құран Кәрімде:

«КүнәлардыАлладанбасқакiмжарылқайды?! Сондайақолар (мүмiндер) iстеген iстерiнебiлетұрақасарыспайды»568, – деген.

Осы аят түскенде Iбiлiс (лағынет атқыр) әскерлерiн бар даусымен айқайлап шақырған екен. Сонда алай-дүлей болып, басына топырақ құйылып кетедi. Шөлдегi, көлдегi барлық жердегi қызметкерлерi келiп: «Әй, жетекшi ұлығымыз, саған не болды?», – деп сұрайды.

Шайтан – малғұн: «Құранның мына бiр аяты түстi.  Ендi адам баласының бiр де бiрiне кесiрiмiз тимейтiн болды», – деп мұңаяды.

Қызметкерлерi: «Ол қайсы аят?», – деп сұрағанда, жоғарыдағы аятты оқып бердi. Яғни, бұл аяттың мағынасы «мүмiндер iстеген iсiн мойындап, Аллаға әрдайым истиғфар айтып, тәубесiне келiп, тәкәппарлық көрсетпей өзiн төмен санап, ғибадаттарының қабыл болуын Алладан сұрап жүредi деген», – деп түсiндiредi.

Қызметшiлерi: «Олай болса, бiз оларға пайдасы жоқ, сауапсыз iстердi көрсетемiз. Сонда олар өздерiн «Тура жолдамыз» деп ойлап тәубе етпей, истиғфар айтпай жүре бередi», – дедi.

Шайтан (лағынет атқыр): «Ондай болса, дұрыс екен», – деп көңiлi жай тауып, қуанып қалады.

Адам баласы әрдайым жүрсе де, тұрса да Алланы есiнен шығармай, шүкiр етiп, жақсылығын тiлеп, сауап үмiт етiп, күнәларының кешiруiн сұрап, тәубе етiп жүрсе, Алла Тағала да ол пенденi соншалық жақсы көредi. Бұл адам баласының пенделiк мiндетi болып саналады. Ал шүкiршiлiк етпей, кешiрiм сұрамай жүруi тәкаппарлыққа жатады.  Егер күнәсi көптiгiнен кешiредi ме әлде жоқ па деп кешiрiм сұрамай, тәубе етпей өтетiн болса, ақыретте Алла Тағала ол пендесiн жеке алып сұрайды.

Бұл жайында Пайғамбарымыздың мынадай хадисi бар:

«Ей, адам баласы, менен жақсылықүмiтетiп дұғаетпедiң. Ейадамбаласы, күнәңкөккежеткенболсада, мененкешiрiмсұрасаңкешiрередiм. Ей, адамбаласы, сенжербетiндеқаншакүнә  iстесең де маған еш нәрсенi серiк қоспай жолықсаң, мен сағансоншакешiрiмжасаредiм», – дейдi.

Сондықтан  әрдайым  тәубе  етiп,  Аллаға  истиғфар  айтып, үмiтiмiздi үзбей, жарылқау сұрап жүрсек, осы дүниенiң өзiнде – ақ Алла Тағала бiзді өз нығметiне бөлеп, барлық қиыншылықтардан құтқарып, ризығын молайтады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпiнде:

  «Кiмде-кiм күнәларыүшiнАлладан кешiрiм сұрауды өзiнемiндеттұтса, Аллатағаладаолпенденi барлыққиыншылықтар мен қайғықасіреттен құтқарады. Және оғанойламағанжерденнесiбесiнбередi», – деген.

Алла Тағала Құран Кәрiмде:

 «Менiңрақымым барлықнәрсеніқамтитындайкең»569, – деген.

Осы аят түскен уақытта, шайтан (лағынет атқыр) «Мен мақұлықтардың бiрi емеспін бе? Маған да Алланың рақымынан үлес тиіп қалар» деп үмiттендi. Дәл осылай еврейлер мен христиандар да үмiттендi.

Сол уақытта Алла Тағала:

Мейiрiм – рақымымдытақуалықеткендерге, зекетбергендергежәнеаяттарымызғасенгендергетезжазамын»570, – деген аятын түсiрдi. Аяттарымызға сенгендер дегенде шайтан (лағынет атқыр) Алланың рақымынан үмiтiн үздi.

Еврейлер мен христиандар: «Бiздер Аллаға серiк қосудан қорқамыз, зекет беремiз, Алланың аятына сенемiз, – дедi.

Сонда Алла Тағала:

«Олар сондай жандарындағы Тәуратта және Iнжiлде жазулы жiберiлген, сауатсыз пайғамбарға ергендер едi, – яғни, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбарлығын растап соңынан ергендер, – дедi.

Мiне, сондықтан Алланың рақымы тек тәубе еткен мүмiндерге ғана тиiстi болады.

«Асығыстық – шайтанның iсi» деп жатамыз, дегенмен мына бес нәрсеге асығу сүннет:

Мәйiттi жерлеуге.

Бойжеткен қыздарды ертерек тұрмысқа ұзатуға.

Қарыздан барынша ертерек құтылуға.

Күнә iстен кейiн тез тәубе етуге.

Келген мейманға тағам беруге.

Бұндай ұлық нығмет тек қана пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбетiне ғана берiлген. Iлгергi пайғамбарлардың барлығы да Алланың Мұхаммедтiң (с.ғ.с.)  үмбетiне берiлетiн нығметке тамсанып өткен. Пайғамбарымыздың хадис шәріпінде бүкiл адам баласының атасы Адам ата (ғ.с.) былай деген:

«Алла тағала Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмбетiне маған бермеген бес нарсенi бердi: Бiрiншiден, менiң тәубем Меккеде ғана қабыл болды.

Яғни, Алла Тағала Адамның (ғ.с.) тәубесiн Меккеде Арафат тауында қабыл еткен.  Мұхаммедтiң (с.ғ.с.)  үмбетi қай жерде тәубе етсе де Алла тағала олардың тәубелерiн қабыл етедi. Басқа үмбеттерден артықшылығының бiрi осында.  Алдынғы өткен үмбеттердiң ғибадат, тәубе тағы басқа Аллаға жалбарыну сияқты амалдары шiркеу сияқты белгiлi бiр орындармен шектелген. Ал пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) және оның үмбетiне жер бетiнiң кез – келген орнында ғибадат етуге рұқсат берiп, тәубелерiн қабыл болатын етiп қойды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір хадис шәріпінде:

«Мұхаммед (с.ғ.с.) жәнеоныңүмбетi басқаүмбеттерден, барлық жер намаз оқитын жай етiлумен ерекшелендi. Басқаүмбеттер болса, ғибадаттарыншiркеулерiндеғана оқыған, –деген.

Екiншiсi, мен киiмдi едiм.  Алла Тағалаға күнә жасап едiм, Алла менi жалаңаш етiп қойды. Ал Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмбетi тыр жалаңаш болып күнә iстесе де, Алла оларды киiндiредi.

Үшiншiсi, мен күнә iстегенiмде Алла менi әйелiмнен ажыратты. Адам (ғ.с.) мен Хауа анамызды жерге түсiргенде, екеуiн екi жаққа адастырып жiберген. Мұхаммедтiң (с.ғ.с.) үмбеттерi күнә iс iстесе де Алла оларды бір – бірінен көз жаздырып, ажыратпайды.

Төртiншiсi, мен пейiште жүрiп күнә iстеп қойған едiм, Алла Тағала менi пейiштен шығарып жiбердi.  Мұхамммедтiң (с.ғ.с.) үмбетi пейiштiң сыртында (жерде) жүрiп күнә iстеп, кейiн тәубе етсе, Алла Тағала оларды пейiшке кiргiзедi», – деп айтқан.

«Бұл  уәделердiң  барлығы  ақыретте  болатын  нәрселер,  мен көп күнә жасаған адаммын. Алла менi кешiрiп, тәубемдi қабыл ете ме» деп күмәндану шайтанның iсiнен. Алла Тағала тәубенiң жемiсiн тек ақыретте ғана емес осы дүниенiң өзiнде де көрсетедi.

Бұл да болса тәубенiң қасиеттерiнiң бiрi.  Егер де тәубе еткеннен кейiн күнә iске қайта бармаса, Алла Тағала ондай адамға басқа нығметтерiмен  бiрге,  ата-анасына  мейiрiмдi,  жанашыр, өте зерек, дана перзенттер бередi. Әрбiр адамның өмiрдегi үлкен армандарының  бiрi  осы.  Бұны ғұламалар тексерiп тәжірибеден өткiзген.  Тiптi Бәни Исрайыл қауымынан, заманында жезөкше болып, кейiннен Аллаға шын ықыласымен тәубе еткен әйелден қасиеттi адамдар дүниеге келген.

Бухаридың кiтабында тәубенiң берекесi жайлы ислам данышпандары былай деген:

«Кiмде-кiмге Алла төрт нәрсенi нәсiп етсе, ол адам және төрт нәрседен құр қалмайды.

1. Аллаға жалбарынып дұға етудi нәсiп етсе, дұғасының қабыл болуы сөзсiз.

Құран Кәрiмде:

«Мағандұғаетiңдер, тiлектерiңежауабберемін»571, – делінген.

Күнәсiн  кешiруiн  сұрайтын  болса,  Алла  күмәнсiз  кешiредi.

Алла Тағаланың:

«Расында Алла күнәларды кешiрушi»572, – деген сөзi бар.

Нығметке  шүкiр  етсе,  Алла  Тағала  нығметтерiн  арттыра түседі.

Алла Тағала Құранда:

«Егер  шүкiр етсеңдер, сендерге нығметiмдi көбейтiпберемiн»573, – деген.

Кiмде-кiм тәубе етсе, тәубесi қабыл болады. Алла Тағаланың Құран Кәрiмде мынадай сөзi бар:

«Алла пенделерiнiң тәубесiн қабыл етiп, күнәларынкешiред574, – деген.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтiң (с.ғ.с.)  өзi әр күнi 70 рет истиғфар айтып, тәубе етiп, және де үмбетiне тәубе етiп жүрудi бұйырған.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис – шәріпінде:

«Аллағаантетейін, мендекүнiне 70 реттенасаАлладанкешiрiмсұрап, тәубеетемiн», – дедi.

Және бiр хадисiнде:

“Ей, адамдар, Аллағатәубеетiңдер. Расындамендекүнiне жүзмәртетәубеетемiн”;

«Барлықадамбаласыкүнәкар. Күнәкарпенделердiң iшiндегi жақсыларытәубеетушiлер», – деген.

 

БақтыбайБЕЙСЕНБАЕВ

 

 

560 «Нұр» сүресі, 31-аят. 

561 «Тахрим» сүресі, 8-аят.

562 «Бақара» сүресі, 222-аят.

563 «Әли Имран» 135-аят.

564 «Әли Имран» 136-аят

565 Тирмизи, Хадис хасан, бәб тәубә

566 «Тәубә» сүресі, 128-аят.

567 Тирмизи,

568 «Әли Имран» сүресі, 135-аят.

569 «Ағраф» сүресі, 156-аят.

570 «Ағраф» сүресі, 156-аят.

571 «Ғафир» сүресі, 60-аят.

572 «Нұх» сүресі, 10-аят.

573 «Ибраһим» сүресі, 7-аят.

574 «Шура» сүресі, 25-аят.

 

 

0 пікір