ИСТИХАРА НАМАЗЫ

Истихара дегеніміздің өзі белгілі бір істің қайырлы (дұрыс) болатынын немесе қайырлы болмайтынын түсіну үшін дәрет алып екі ракат намаз оқығаннан кейін дұғасын оқып осы іске байланысты түс көру үшін ұйқыға жату дегенді білдіреді.

Басқаша айтқанда, жаңадан шаңырақ көтеріп, үйленерде, не үй сатып аларда немесе бір іс бастағанда  истихара жасау мейлінше маңызды. Өйткені, истихараны жасау арқылы жақсылық атаулыға иек артып, игі бастаманың өзіне қол жеткізіңіз. Негізі нәпсінің және жаман адамдардың араға кірмеуі үшін жалбарыну керек. Осы орайда міндетті түрде истихара жасауыңыз қажет болады. 

Бұл намазды өзіңнен басқаға жасатуға әсте болмайды. Оны әркім өзі оқуы керек. Не өзі үйреніп алып, қалайда осы бір сүннетті орындауға ерекше бейіл таныту тиіс. Қысқасы, бұл намазды намазды алған соң оның дұғасын айтып, артынша мүлде сөйлемей жату керек. Қажеттілік болса, сөйлеуге болады әрине. Құптан намазыннан кейін жалпы сөйлемеу  мұстаһаб амалға жатады.

Истихара намазы екі рәкат
 
-бірінші рәкатта – «Кафирун», екінші рәкатта – «Ықылас» сүресін оқу –мұстахап.  Намаздан кейін «истихара» дұғасы оқылады. Дұғаны оқығаннан кейін жүрегінің қанағат еткеніне қарай әрекет етеді. Осы намаздың дәлелі мынау: Жабир ибн Абдиллаһ: «Аллаһ Елшісі (с.а.у.) Құраннан сүре үйреткендей истихараны үйретіп былай деді: «Кімде-кім бір іс жасамаққа ниеттенгенде, парыздан тыс екі рәкат намаз оқып, мына дұғаны оқысын:
Оқылуы:
}أللهُمَّ اِنِّى اَسْتَخِيرُكَ بِعِلْمِكَ وَ اَسْتَقْدِرُكَ بِقُدْرَتِكَ وَ اَسْئَلُكَ مِنْ
فَضْلِكَ الْعَظيمِ فَاِنَّكَ تَقْدِرُ وَ لاَ اَقْدِرُ وَ تَعْلَمُ وَ لاَ اَعْلَمُ وَ اَنْتَ عَلاَّمُ
الْغيوبِ.
266 Ибн Мажә, Зуһд, 38.
230
Ислам ғылымхалы
أللهُمَّ اِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ اَنَّ هَذا الأَمْرَ خَيْرٌ لي في دِينِى وَ مَعَاشِي وَ
عاقِبَةِ اَمْرِى وَ عاجِلِ اَمْرِى وَ آجِلِهِ فاقْدُرْهُ ليِ وَ يَسِّرْهُ لي ثُمَّ بٍَارِكْ
لِيَ فِيهِ.
وَ اِنْ كُنْتَ تَعْلَمُ اَنَّ هَذا الاَمْرَ شَرٌّ لي في ديني وَ مَعاشِى وَ عاقِبَةِ
اَمْرِى وَ عاجِلِ اَمْرِى وَ آجِلِهِ فاصْرِفْهُ عَنِّى وَاصْرِفْنِى عَنْهُ فاقْدُرْ ليَِ
الْخَيْرَ حَيْثُ كانَ ثُمَّ اَرْضِنِى بِهِ{
«Аллаһуммә инни әстахирукә би илмикә уә
әстақдирукә би қудрәтикә уә әс-әлукә мин фадликәл-
азим. Фә иннәкә тақдиру уә ләә ақдиру уә та'ләму уә
ләә а’ләму уә әнтә алламул-ғуйууб.
Аллаһуммә. Ин кунтә та’ләму әннә һәзәл-әмрә
хайрун ли фи дини уә мә-аши уә ақибәти әмри уә
аажили әмри уә әәжилиһи фақдирһу ли уә иассирһу
ли суммә баарик ли фиһи.
Уә ин кунтә та’ләму әннә һәзәл-әмрә шәррун ли
фи дини уә мә-аши уә ақибәти әмри уә аажили уә
әәжилиһи фәс-рифһу анни уәс-срифни анһу фақдур
лиәл-хайрә хайсу кәнә суммә ардини биһи»

  «Аллаһым! Іліміңе сеніп, мен Сенен ниеттенген ісімнің жақсылығының белгісін тілеймін. Құдіретіңе сеніп, Сенен күш-қуат сұраймын. Жақсылыққа жетуімді сенің асқан рақымдылығыңнан тілеймін. Өйткені, Сенің барлық нәрсеге күшің жетеді. Менің күшім жетпек емес. Сен күллі нәрсені білесің. Мен білмеймін. Сен ғайып әлемді тұтас білесің.
Аллаһым! Сен бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырын немесе дүние мен ақыретіме пайдалы болса, осыны маған нәсіп ет. Одан кейін маған мол береке бер.
Ал егер бұл іс менің дінім, өмірім, ісімнің ақырына және дүние мен ақырет әлеміме жаманат әкелетін болса, менен алыстат. Мені де одан алыстат. Жүрегімде оған деген иілу ізін қалдырма. Жақсылыққа, тек жақсылыққа жеткіз. Содан кейін онымен мені разы ет».

  Осыдан кейін мәселе айқындалмаса, намаз бен дұғаны жеті күн қайталау қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әнасқа былай дейді: «Әнас! Бірісжасағың келсе, Раббыңаистихаранамазыменистихарадұғасын жеті рет қайтала. Содан кейін жүрегіңқалағанынойла. Жақсылықсолжерде». Истихара намазын күндіз оқуға болатыны сияқты толық ынта бөліп, кешке жатардың алдында да оқуға болады. Аллаһ Тағала білінуі үміт етілген істі түсінде ишарат жолдары арқылы білдіруі мүмкін.

  Жоғарыда көрсетілген истихара дұғасының арабшасын айту шарт емес. Қазақша мағынасын айтса да болады.

 

0 пікір