АЛЛАҒА ШҮКІР ҚАЛАЙ БОЛАДЫ
АЛЛАҒА ШҮКІР ҚАЛАЙ БОЛАДЫ
31.01.2024 14:37
228
0

Имам Раббани (қ.с.) Мирза Дараб ибн Хан Хананға жазған хатында былай деген:

«Алла Тағала сізге жәрдем беріп, күшейтсін! Есіңізде болсын: "Нығмет нәсіп болған кісінің нығметті бергенге (Алла Тағалаға) шүкіршілік етуі ақылмен де, нақыл жолымен де уәжіп болады.

Шүкір, нығметтің мөлшеріндей уәжіп екендігі де белгілі. Олай болса, неғұрлым нығмет көп берілсе, шүкіршілігі де көп болады. Демек, бай және дәулетті адамдар өздерінің байлығына сәйкес кедейлерге қарағанда бірнеше есе көбірек шүкіршілік айтуы керек. Сол себепті хадис шәріпте былай делінген:

«Бұл үмметтің кедейлері байларынан бес жүз жыл бұрын жұмаққа кіреді».

Молдық берген Аллаға шүкір ету; Ең алдымен, ақидаға қатысты мәліметтерді, «фирқа-и нажия» болған «әһли сүннет уәл-жамағат» сенімі мен көзқарастарына сай дұрыстау арқылы болады. Екіншісі «әһли сүннет уәл-жамағат» мүжтәһидтерінің ижтиһадына сәйкес діни амалдарды орындау арқылы болады. Үшіншісі, тура жолда болған әулие кісілердің бағытында болып,  «тасфия» (жүректі рухани ластанудан тазарту) және «тәзкия» (нәпсіні тәрбиелеу) арқылы болады». («Мәктубат Имам Раббани», 1-т., 71-м.)

 

 

 

0 пікір