АЛЛА АҚЫРЕТ КҮНІ КІМДЕРГЕ ЖЫЛЫ ШЫРАЙ ТАНЫТПАЙДЫ?...
АЛЛА АҚЫРЕТ КҮНІ КІМДЕРГЕ ЖЫЛЫ ШЫРАЙ ТАНЫТПАЙДЫ?...
05.02.2024 13:00
239
0

Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір күні: «Алла Тағаланың құлдары арасында кейбіреулері бар,  Алла ақырет күні олармен сөйлеспейді,  оларды ақтамайды, тіпті оларға жылы шырай да танытпайды», - дейді. Сонда Пайғамбарымызды(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тыңдап отырған сахабалар: «Ей, Алланың елшісі, бұлар кімдер?» - деп сұраған екен. Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі  мен сәлемі болсын): «Олар:

1.Ата-анасына қарамай, тастап кеткен баласы,

2.сәбиін бағып-қақпай, жетімсіреткен ана,

3.біреу өзіне қанша жақсылық жасағанмен, жақсылықты түсінбей, жақсылыққа жамандық жасаған адам», - деп жауап қайтарыпты.

 

(Ахмед ибн Ханбел. әл-Муснәд. III, 440-бет)

 

0 пікір