ӘДЕП
ӘДЕП
02.02.2024 17:51
365
0

 قَالَ اللهُ تَعَالَى: اَلْيَوْمَ نَخْتِمُ عَلٰٓى اَفْوَاهِهِمْ وَتُكَلِّمُنَٓا اَيْدِيهِمْ وَتَشْهَدُ اَرْجُلُهُمْ بِمَا كَانُوا يَكْسِبُونَ. (سورة يس 65)

Алла Тағала былай деп айтты (мағынасы): «Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғақ болады.». (Ясин сүресі, 65-аят)

Пайғамбарымыздың (с.а.у) сүннеттерінен біреуі де мыналар: Бір адам, дін бауырын еске алған кезде ең жақсы көретін есімі мен сипатымен еске алу керек. Себебі ол, дін бауырын осылай жақсы жағынан еске айтса, Алла Тағала да, оны еске алуы үміттенеді. Алланың еске алуы деген оған рақымды болуы деген. 

Бұрынғылар бұған өте мұқият болатын. Мысалы Сұлтан Ахмед Хан, қызметкерлерінен бір кісіні шақырғанда немесе біреуін еске алғанда есімін айтпайтын. Қарсысындағы адамға құрмет етіп, оның есімімен бірге «Аға» деп айтатын. 

Бірісі оған бір нәрсе айтқысы келсе оған дереу бұрылып: «Айтыңыз» деп, оларға жауап беретін. 

Бұл сұлтанның сүннетті ұстанған ерекшелігін және көркем мінезін көрсетеді. Сән-салтанат және байлықпен қатар келген қарапайымдылық, қандай әдемі ахлақ десеңізші. 

0 пікір