АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚЫЗЫНА АЙТҚАН ӨСИЕТІ
АЛЛА ЕЛШІСІНІҢ (ОҒАН АЛЛАНЫҢ ИГІЛІГІ МЕН СӘЛЕМІ БОЛСЫН) ҚЫЗЫНА АЙТҚАН ӨСИЕТІ
05.02.2024 13:04
1223
0

Бірде Алла елшісі (ОғанАлланыңигілігіменсәлеміболсын) әйелі Айшаға (ОғанАлларазыболсын): «Уа, Айша! Мына 4 нәрсені жасамай:

-Құранды толық оқымай;

-Менің және басқа пайғамбарлардың қолдауына лайық болмай;

-барлық мүміндердің разылығын таппай;

-қажылықты өтемей ұйқыға жатушы болма», – дейді.

Айша (ОғанАлларазыболсын) анамыз бұған таңданып: «Әкем мен анаммен ант етейін, мен бұлардың барлығын аз уақытта жасай алмаймын» – дейді.

Сонда Пайғамбарымыз (ОғанАлланыңигілігіменсәлеміболсын) күлімсіреп, былай түсіндіреді: «Бұдан артық нендей оңай нәрсе бар, Айша?!

 -«Ықылас» сүресін үш рет, «Фатиханы» бір рет оқып, сен Құранды түгелдей оқыған боласың.

- Маған және өзге пайғамбарларға салауат айтып, сен біздің қолдауымызға лайық боласың.

-Алладан барлық мүміндердің күнәсі үшін кешірім тілеп, олардың разылығын табасың.

-Ал «Субханаллах уәл хам дулиллах уә лә иләһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуә алә кулли шәйн қадир» тәсбихін айтып, сен қажылыққа барған боласың»,-деп жауап беріпті.

 

0 пікір