«ХАДИС ЖАТТАУ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
«ХАДИС ЖАТТАУ» ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
29.01.2024 13:40
356
0

ҚМДБ, Павлодар облысы өкілдігі, «Мәшһүр Жүсіп мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен облыстық "ХАДИС ЖАТТАУ ЖАРЫСЫ" өтті.  Павлодар облысының бас  имамы Жолдас қажы Қоспақұлы "Хадис жаттаудың маңыздылығы" туралы уағыз айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Хадис жарысы үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде әр топ қатысушылары өздерінің тобын көркем сөзбен таныстыру

Екінші кезең жеребе арқылы түскен хадисті жатқа айту, және Құран аятынан дәлел аят келтіріп, хадистің ашықтамасын кең көлемде  айтып қорытындылады.

Үшінші кезең, хадистерден құралған  сөз жұмбақты  шешу.

Облыс бойынша 8 мешітің шәкірттері қатысты. Олар:

 «Мәшһүр Жүсіп» мешіті, «Ақмешіт» мешіті, «Умар әль Фарух» мешіті, «Ақсу» қалалық мешіті, «Шайқы ата» мешіті, «Екібастұз» қалалық мешіті, «Ғабдул уахит хазірет» мешіті, «Мәшһүр Жүсіп» мешітіне қарасты қыздар жатаханасы.

Жарыстың қорытындысы бойыншы

1-ші орын «Бегім-Ай» тобы (қыздар жатаханасы )

2-ші орын «Мәшһүр Жүсіп» мешіті

3-ші орын «Екібастұз» мешіті   атынан қатысқан топтар иеленді.

Барлық қатысушылар өте жоғарғы деңгейде дайындықпен келді, орын иеленушілерге арнайы мадақ хат, сый-сияпаттар табысталды

 

0 пікір