ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІ ИМАМДАРЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ (ФОТО)
ЕРТІС-БАЯН ӨҢІРІ ИМАМДАРЫНЫҢ АЛҚАЛЫ ЖИЫНЫ (ФОТО)
24.01.2024 09:15
572
0

Жуырда өткен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай Ертіс-Баян өңірі  имамдарының  жылдың алғашқы алқалы жиыны өтті.

Облыс бас имамы Жолдас Қоспақұлының төрағалығымен өткен жиынға аудан-қала имамдары, мешіт ұстаздары қатысып, 2024 жылғы, яғни «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы атқарылатын жұмыс жоспары талқыланды. Жиын барысында облыс бас имамы дін қызметкерлеріне ҚМДБ Төрағасы берген тапсырмаларды жеткізіп, нақты нұсқаулар жүктеді.

Діни басқарма биылғы жылға көптеген жаңа бастамаларды енгізген. Сондай-ақ биылғы жылды ҚМДБ «Ислам және дәстүр құндылықтары» деп атауына байланысты ізгілікті насихаттап, игілік жасау жолында дәстүрімізге басымдық беріледі. Сонымен қатар имамдар әдеттегідей дәстүрлі бес бағыт аясында жұмыс атқаратын болады. Атап айтсақ, «Дін мен дәстүр», «Ізгі қоғам», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту» және «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыттары.

Бұл бағыттар қашан да діни қызмет пен қоғам үшін аса маңызды екені белгілі. Сондықтан да дәстүрлі бес бағыт бойынша жыл бойы атқарылатын жұмыстарды сапалы, тиянақты және жоспарға сәйкес жүзеге асыру қажет екенін ескертті.

Сонымен қатар «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы аясындағы ҚМДБ бекіткен айтулы шараларды ұйымдастыру, ҚМДБ бөлім тапсырмаларын басты назарда ұстап, уақытылы орындау тапсырылды. 

Жиын қортындысында 2023 жылы белсенді жұмыс атқарған имамдар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатымен марапатталды.

 

 

0 пікір