БАС ИМАМ ҚАЖЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
БАС ИМАМ ҚАЖЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
31.01.2024 19:26
247
0

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  2024 жылға арналған бағдарлық баяндамасында облыстық қажылар алқасын құру туралы мәселе көтерілген еді. Осыған орай Павлодар облысы өкілдігі бүгін бірінші кезекте барлық мешіттер, қала, аудандардан қажыларды шақырып ой-пікір алмасу мақсатында кездесу өткізілді.

«Алдағы уақытта облыс көлеміндегі қажылар құрамын толық қамтыған үлкен жиналыс өткізіп, қажылыққа қатысты қандай жұмыстар атқару керегі жайлы 2024 жылға арналған жоспарды ақылдасып бекіту, қажылық фирмаларын таңдау, «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасын оқыту- насихаттау жұмыстары атқарылатын болады. Сонымен қатар қажылар алқасын құрып, ҚМДБ-ның бағытына сай іс-қызметтер атқарылады деп жоспарлап отырмыз»-дейді облыс бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы.

 

 

0 пікір