БАС ИМАМ АҚСАҚАЛДАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ (ФОТО)
БАС ИМАМ АҚСАҚАЛДАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ (ФОТО)
30.01.2024 15:55
312
0

ҚМДБ-ның іс-қызметінің дәстүрлі бес бағытының бірі - «Дін мен дәстүр». Сонымен қатар Мүфтияттан 2024 жылды «Ислам және дәстүр құндылықтары жылы» деп атады.

 Осыған орай Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы қалалық мешіттердің белсенді жамағаты, ақсақалдар, аталар мен апаларға арнайы кездесу жасап, ҚМДБ-ның ұстанып келе жатқан бағыт-бағдары туралы жан-жақты түсігһніктеме берді.

Кездесуге 100-ге тарта адам қатысты.

Облыс бас имамы жастарымызға ата-бабадан жалғасқан дәстүрімізде үлгі-өнеге көрсетіп, олардың ортасында ізгілікті насихаттап, игілікті іс жасау жолында тәрбие беріп, еңбек сіңірген, көп жылдар бойы мешіттермен тығыз байланыста болған бірнеше ақсақалға рақметін айтып,  Алғыс хаттар табыс етті.

 

 

0 пікір